Теректі ауданының округтік сайлау
комиссиялары мүшелерінің міндеттерін
атқарудан босату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағына сәйкес және берген өтініштері негізінде Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Теректі ауданының келесі округтік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерін атқарудан босатылсын:
-№1 округтік сайлау комиссиясынан – Куспанова Бибигуль Жалеловна;
-№9 округтік сайлау комиссиясынан – Мажит Мейірбек Ержанұлы.
Теректі аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев