2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуіне байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4 – тармағына, 17 –бабының 2-тармағына және 22-бабына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен олардың орналасқан жері туралы хабарлайды.