Конкурсты өткізу туралы хабарлама (Шыңғырлау ауданы)

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы   20 желтоқсандағы No 518 бұйрығына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі 2022 жылғы 13 маусым күні сағат 10:00-де ҚР, БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі 95а мекенжайы бойынша «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалы ғимаратының акт залында  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

ХАБАРЛАМА0504131049
Дата публикации
06 мая 2022