Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2022 жылғы 22 сәуірде сағат 1200 де қайта өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Абай көшесі, 3/1 мекен-жайы бойынша Ақсай қаласы әкімдігінің ғимараты.