ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылдың 25 қыркүйек күні Теректі ауданының Шағатай ауылдық округінде ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Шағатай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Шағатай сайлау округі Шағатай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1211 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 946 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Н.Х.Ахметкалиевке – 63; Р.С.Мутиевке – 763; Б.Т.Рахматуллинаға – 98 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 10; жарамсыз бюллетеньдер саны - 12.
Мутиев Рустем Сейтонович, 1977 жылы туған, «Орал қаласының Зачаган кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаган кенті, М.Бекимова көшесі, 55 үйде тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынды, Шағатай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы