Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілде күні Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялықзаңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімдерімен Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеді:
Ақжайық ауылдық округі бойынша–Қадыралиев Болат Александрұлы, 1975 жылы туылған, Ақжайық ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданының Ақжайық ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Ақсуат ауылдық округі бойынша–Ахметов Жаннұр Бекбауұлы, 1986 жылы туылған, Подстепное ауылдық округінің бас маманы, Оралқаласында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Подстепное ауылдық округі бойынша – Мадиев Сержан Салембайұлы, 1977 жылы туылған, Подстепное ауылдық округінің әкімі, Орал қаласында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Приречный ауылдық округі бойынша – Жақсыбеков Мейрамбек Жақсыбекұлы, 1976 жылы туылған, Приречный ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданының Приречный ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы