ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Федоровка ауылы № 30 2021 жылғы 29 қазан
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындалсын.
- 2021 жылғы 28 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Аталған ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Теректі ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
- 5. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Кенжегулов