Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жастар саясаты

Теректі ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жастар ресуртық орталығы және «Іс үшін-За дело» жастар қоғамдық бірлестігі қызмет атқарады.

Жастар ресурстық орталығы өз қызметін 2014 жылы бастады. Аудан бойынша 18-35 жас аралығында жастар саны - 11 473. Оның 5963 ерлер, 5500 әйелдер. 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылар саны - 1922, студенттер саны -1364 жас, жұмыссыз жастар саны – 558, волонтерлер саны 188, NEET санатында жастар саны – 220. Ресурстық орталық бойынша жалпы штат саны 31 .

2023 жылы жастар саясаты саласында іс-шараларға  жергілікті бюджет есебінен 1 500 000 теңге бөлінді. Жыл бойы аудан жастары арасында 4 975 жасты қамтыған түрлі бағыттағы 156 шара ұйымдастырылды.

  Атап айтқанда:

«Ардагерлерді ардақтайық» жалғыз басты, зейнеткерлерге мекенжайлық көмек көрсету бойынша 31 акция, «Тақсай ханшайымы» жазғы лагері, жастарды жеке кәсіп ашуға тарту бойынша 42 түсіндірме жұмыстары, теріс діни ағымдардан сақтау мақсатында теологиялық тақырыпта 11 кездесу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 16 дөңгелек үстел, жұмыссыз жастарға арналған 9 жәрмеңке, денсаулықты арттыруға бағытталған 29 спорттық шара, ауыл жастарының және студенттердің арасында «Мен таңдаған мамандық» атты 17  кездесу, «Жыл үздігі – 2023» жастар сыйлығы және тағыда басқа шаралар.  

Ауылдық жерлердегі жұмыссыз жастарды және жеке кәсіппен айналысқысы келетін жастарға қолдау көрсету мақсатында келесі шаралар атқарылды: 

Жұмыссыз жастарға арналған түрлі мемлекеттік жобалар аясында жалпы аудан бойынша кеңес алған жастар саны – 1 441 жас. Олар: «Жас маман» жобасы – 132 жас, «Болашағың өз қолыңда!» жобасы – 169 жас, «Жастарға кеңес» жобасы – 124, Онлайн кеңес алған жастар саны – 85, «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы -  125, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 417 жас, «Жастарға кеңес» жобасы - 209, Орталықта өткізілген теологиялық, заңгерлік және психологиялық кеңестер саны - Іс – шаралар саны (дөңгелек үстел, семинар-тренингтер, кездесулер) – 12, Орталыққа келген және онлайн кеңес алған жастар саны – 168.

Жыл бойына жұмыспен қамтылған жастар саны – 342 жас. Кәсіп ашу бойынша оқытудан өткен жастар саны – 140, «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмысқа бағытталған жастар саны -113. Қысқа және ұзақ мерзімді оқытуға барған жастар саны – 110, алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша – 30 жас.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша көтерме жәрдем ақы алған жастар саны – 172, 18 - 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны – 306. Жастар арасында атқарылған шаралар облыстық және аудандық газет беттерінде  тұрақты түрде жарықтандырылуда. Жыл бойы облыстық «Орал өңірі» газетінде 19 мақала, аудандық «Теректі жаңалығы» газетінде 104 мақала жарияланды. Оснымен қатар,  Instagram және Facebook желісіндегі «Terekti jastary» әлеуметтік парақшасында  630 пост жарияланды. 

Документы
Ақпарат
24 апреля 2026
БҚО ҚХА медиация кеңесі құрамының ТІЗІМІ
Ақпарат
09 января 2026
Теректі ауданы ішкі саясат бөлімінің 2026 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылатын әлеуметтік жобалары туралы ақпарат
Ақпарат
13 октября 2025
Теректі ауданы әкімдігі
Теректі ауданы ішкі саясат бөлімінің 2026 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылатын әлеуметтік жобалары туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Жастар саясаты
Медиагалерея
1
Ту тұғыр
3
«Тарихқа толы Теректім» жобасы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы