Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары

Жер ресурстары – Қазақстанның негізгі байлығы, және оның экономикалық потенциалының көрсеткіші болып саналады.

Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды  мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және құқықтық жағынан қорғау болып табылады.

Теректі ауданының аумағы 796757 га жерді құрайды.

2021  жылға аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 542 674 гектар (соның ішінде: жайылым – 255 531 га, егістік –143 765 га (өңделмеген егістік жерлер (залежи) – 119 892 га игерілмеген), шабындық – 15 219 га, көпжылдық екпе ағаштар – 352 га, басқа жерлер – 7915 га) құрайды. Босалқы жер қоры 94 769 гектар (соның ішінде: жайылым – 58589 га, өңделмеген егістік жерлер (залежи) – 20913 га, шабындық – 2496 га, көпжылдық екпе ағаштар – 95 га, басқа жерлер – 12 676 га құрайды. Елді-мекен жерлері – 86865 га, өндірістік жерлер – 4047 га, орман қоры жерлері – 38 766 га, су қоры жерлері – 27 665 га,ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер – 27 га, аудан, облыс, республика аумағынан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер- 1 294 га, басқа аудандардың, облыстардың, мемлекеттердің жер пайдаланушылары пайдаланатын жерлер - 3 237 га.

2020-2021 жылдары аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген мониторинг(тексеру) жұмыстары нәтижесінде 42,2 мың га пайдаланылмайтын  жер учаскелері анықталды.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 "ҚР барумен тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы" Жарлығына сәйкес тексеру уақытша тоқтатылды.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылатын болады.

2021 жылы ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс негізінде беру бойынша 3 конкурс өтіп,  жалпы көлемі 24475 га жер учаскесі ұсынылды.

2022 жылдың 17 наурызына жалпы көлемі 6969 гектар болатын 20 жер учаскесіне конкурс өткізілді.

2021 жылы коммерциялық жерлерге жалпы көлемі 4,861 гектар болатын 8 жер учаскелеріне аукцион өткізілді, нәтижесінде бюджетке 653210 теңге түсті.

Бөліммен 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2021 жылы  951 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса 2022 жылдың 2 айы бойынша 42 қызмет көрсетілген.  Одан басқа бөлімге жеке тұлғалардан  2021 жылы жеке тұлғалардан  17, Заңды тұлғалардан 4, 2022 жылдың 3 айына жеке тұлғалардан  41, Заңды тұлғалардан 9 өтініш түсті. Аудандық жер комиссиясы 2021 жылы 19 отырыс, 2022 жылдың 3 айына 5 отырыс. 2021 жылы 151 қаулы және 250 жер учаскелерін жалдау шарты,  2022 жылы 16 қаулы және 31 жер учаскелерін жалдау шарты,  дайындалды.

2021 жылы 28 жер учаскесіне сатып алу-сату шарты негізінде бюджетке 22 594 503 теңге, 2022 жылы 5 жер учаскесіне сатып алу-сату шарты негізінде бюджетке 3 031846 теңге  түсті.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Теректі ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілді.

Теректі ауданы бойынша елді мекендер шегінде барлығы жергілікті халықтың мал басын жаю үшін 86 598 га жайылымдық жер бар.

Бекітілген жоспар негізінде аудан бойынша 15 ауылдық округ пен жалпы ауданы 95581 га 49 елді мекенде аналық мал басына талдау жүргізілді, қажетті қосымша жайылым көлемі анықталды.

2021 жылы 10 елді мекен бойынша жалпы ауданы 27567,61 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер елді мекендердің жерлеріне ауыстырылды. Бүгінгі күні елді мекендердің жайылымдардың жалпы ауданы 114 165,61 га құрады.

Ағымдағы жылы ауданның мемлекеттік қорынан жайылымдық алқаптарды ұтымды бөлу есебінен халық үшін жайылымдарды көбейту жоспарлануда және жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасау үшін қажетті қаржыландыру көлемі сұратылады.

Документы
Ақпарат
18 августа 2026
«Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
24 июля 2026
«Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Хаттама
16 июня 2026
«Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшарушылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсттық өтінімдерін ашу туралы Теректі ауданының жер комиссиясының №2 хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарландыру
Бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат
Жер қатынастары
Медиагалерея
События
25 мая
Ақпараттық хабарлама
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы