
«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларьбөлімі» ММ-сінің 2025 жылдың 1 қаңтарына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Атаулы әлеуметтік көмек
2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы саны 623 адам (119 отбасы), бұл халықтың жалпы санынан 1,6%-ын құрайды. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 985 адам (190 отбасы) құрады немесе 62,6% отбасы саны төмендеді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2024 жылға 57155,0 мың теңге (ОБ – 47081,0 мың теңге, ЖБ –10074,0мың теңге.) бөлінді. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 50005,5 мың теңге (ОБ – 39931,5 мың теңге, ЖБ – 10074,0 мың теңге) және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ету үшін облыстық бюджеттен 7149,5 мың теңге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 119 отбасы 623 адамға 50005,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 21 отбасы 95 адамға 12773,0 мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 98 отбасы 528 адамға 37232,3 мың теңге шартты ақшалай көмек (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 190 отбасы 986 адамға 70771,7 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның ішінде 34 отбасы 160 адамға 18882,9 мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 156 отбасы 826 адамға 51818,7 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді).
Шартты ақшалай көмек алушылар бойынша 98 отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалып, 26 адам жұмыспен қамтудың келесі белсенді нысандарымен қамтылды: 13 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орына, 1 адам жастар тәжірибесіне жолданды және 4 адам мемлекеттік грант алды. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2024 жылға жоспар- 77,5%, бүгінгі таңда орындалуы 82,3% құрайды (2023 жылы 165 отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалып, 55 адам жұмыспен қамтудың келесі белсенді нысандарымен қамтылды: 34 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 адам жастар тәжірибесіне және 2 адам мемлекеттік грант алды. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2023 жылға жоспар- 80,0%, орындалуы 83,2% құрады).
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 185 балаларға (92 отбасы) ай сайынғы қосымша төлемі тағайындалып, 7149,5 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК=5538теңге), (2023 жылы 299 балаларға (156 отбасы) 9490,5 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК=5175теңге).
Аудан бойынша 2024 жылы ұйымдар мен кәсіпорындармен көрсетілген барлық көмектер 505 адамға 14440,0 мың теңге көлемінде көрсетілді (2023 жылы 260 адамға 12862,6 мың теңге көлемінде көрсетілді).
Жекелеген санаттарға арналған әлеуметтік көмектер
Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №14-1«Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мен тәртібі туралы» шешіміне сәйкес 48 отбасына 959,5 мың.теңге қаражат жергілікті бюджеттен төленді.
2023 жылдың 17 қазандағы желтоқсандағы №8-3 маслихат шешіміне сәйкес «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, атаулы мен мереке күндеріне және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 1403 азаматқа 119638,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы №25-2 «Теректі ауданында жеке оқыту жоспары мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, үйден оқитын 21 мүгедектігі бар балаларға 2484,7 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау
Аудан бойынша барлығы 1261 мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде І топ – 148, ІІ топ – 404, ІІІ топ – 562, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар- 44, 7-18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 103.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрықтарына сәйкес жыл басынан абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 121 мүгедектігі бар адам 389 міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедиялық 45 мүгедектігі бар адам 78 құралдармен, сурдо-техникалық 5 мүгедектігі бар адам 8 құралдарымен, тифлотехниқалық құралдарымен 22 мүгедектігі бар адам 114 құралдарымен, кресло арба – 31 мүгедектігі бар адам 47 кресло арбамен қамтылды, санаторийліқ курорттық емделу – 81 мүгедектігі бар адам демалып келді, 11 мүгедектігі бар адам жеке көмекші және 5 мүгедектігі бар адам ымдау тілі маманның қызметін алуда.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда бірқатар оңалту шаралары өткізілуде, соның ішінде «Инватакси» қызметі көрсетілуде.
Бүгінгі таңда ауданда 2 «Инватакси» автокөлігі арқылы 1 топ көзі нашар көретін мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тасымалдау жұмыстары жүзеге асырылуда. «Инватакси» қызметін 26 (4-ересектер, 22- балалар) мүгедектігі бар адамдар пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар объектілерге жеткізу бойынша 1219 сапарлар орындалды. Осы қызметті көрсету үшін 2024 жылға жергілікті бюджеттен 4156,0 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді.
Жыл басынан мансап орталығы арқылы 32 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.
2023 жылдың 29 желтоқсанындағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға жұмыс мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №345 қаулысына сәйкес Теректі аудан бойынша екі жұмыс орындары арналып, бекітілді. Бүгінгі таңда 2 мүгедектігі бар адам квота бойынша жұмысқа орналасты.
Үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы, аудан бойынша үйде әлеуметтік қызмет көрсететін 3 бөлімше бар, оның екі бөлімшесі қарттар мен мүгедектер, үшіншісі аралас бөлімше (мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер және жалғызбасты қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар жандар). Бөлімшеде қазіргі таңда 54 әлеуметтік қызметкер 217 қамқорланушыға (3 мүгедектігі бар бала, 194 жалғызбасты қариялар мен 7 жалғыз басты мүгедектігі бар жандарға және 13 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адамдарға)қызмет көрсетіп отыр.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 әлеуметтік қызметкердің қызметінде 230 қамқорланушыға (8 мүгедектігі бар бала, 203 жалғызбасты қариялар мен 5 жалғыз басты мүгедектігі бар жандарға және 14 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адамдарға) қызмет көрсетілді.
Жаңа жұмыс орындары туралы
2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 1205 (жоспар 970 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 149, өнеркәсіп – 0, құрылыс – 50, көлік және қоймалауда – 54, саудада – 221, білім беруде - 11, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 0, басқа салаларда – 197, уақытша және маусымдық орындар – 523 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 124,2 % құрайды.
2024 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 1200 (жоспар 964 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 208, өнеркәсіп – 1, құрылыс – 6, көлік және қоймалауда – 12, саудада – 252, білім беруде - 2, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер -5, басқа салаларда – 190, уақытша және маусымдық орындар – 524 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 124,5%.