Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет және спорт

«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жіне спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 жылғы мәдениет ошақтары бойынша салыстырмалы ақпараты

 «Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жіне спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ең ірі бөлімнің бірі:  қарауында «Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі, «Теректі аудандық  мәдени –демалыс орталығы» МКҚК, «Теректі аудандық  Достық үйі» КММ және «Теректі» спорт клубы»  МКҚК-ны жұмыс атқаруда.

«Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі бойынша:  жүйесі құрылымындағы 34 кітапхананың

- 1-уі аудандық кітапхана,

- 1-уі аудандық балалар кітапханасы,

- 32 ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

     Жүйе бойынша  2023 жылы - 1784 іс-шара өткізіліп, шараға - 27630 - оқырман қатысты, 22346  оқырманға кітапхана арқылы 452470  дана басылым беріліп,  келушілер саны 172947-ке жетті. 

2024 жылы - 22675 оқырманға, кітапхана арқылы -  459881 дана басылым беріліп,  келушілер саны - 179078-ге жетті.  Осы мерзімде – 1504  іс-шара өтіп, шараға 25229  оқырман қатысты.

 2023 - 2024 жылдары «Теректі ауданының  орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі бойынша  құрылыс, қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары болған жоқ.

 2024 жыл бойы ауылдық кітапханаларда Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық   жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевтің туған күніне поэтикалық  марафоны,  «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны мен туындыларын насихаттау мақсатында библио time (тайм), қазақ ақыны Ә. Тәжібаевтың 115 жылдығына орай шара, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» атты әскери-прозалық шығармасы және «Қазақтың қара майоры» атты кітаптарға шолу жасалып,  өткізілді.

Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Көрісу айт, Ұлттық киім, Ұлттық спорт күніне, Ұлыстың ұлы 22 наурыз күндеріне орай және қазақ халқының ұлттық мәдени дәстүрлерімен таныстыру мақсатында үлкен  мерекелік шаралар өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Халықаралық балаларға арналған 2 сәуір - кітап күніне орай Теректі аудандық балалар кітапханасы «Кітаппен жарқын әлемге» атты библио детектив шарасын өткізді.

Ауданның барлық кітапханаларында Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс, Халықаралық отбасы күндеріне орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен патриоттық сағаттар, кездесу, жүздесу кештері өткізілді.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік шаралар кітапханалармен өткізілді.

 Ұлттық мейрамы Домбыра, Астана күндеріне орай, дөңгелек үстелдер,

кітап көрмелері безендіріліп, әдеби шолу жасалды.

          Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Теректі аудандық балалар кітапханасында "Отбасы-алтын бесігім"атты тұрақты кітап сүйер оқырмандарымыздың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған Теректі аудандық кітапхана жүйесінің қызметкерлері аудандық орталық саябақта оқырман қауым өкілдеріне «Абай дана, Абай - дара қазақта» атты әдеби орындық ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2135548036838626&set=pcb.3784226078459777

 Ақжайық ауылдық модельді кітапханасында Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 80 жасқа толуына орай туған жері Ақжайық ауылына арнайы келіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп, әдемі сұхбатпен жалғасын тапты.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1144148136883439&set=pcb.3789381784610873

Аудандық "Қазына" коворкинг орталығында қазақ поэзиясына "Ақ шағала" образымен келген жерлес ақын апамыз А.Бақтыгерееваның мерейлі жасына орай поэзия кеші өткілді.

Барлық кітапханаларда балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында "Спорт-денсаулық кепілі" эстафета ойыны және 16 тамыз - спорт күніне орай  аудандық кітапхана қызметкерлері орталық спорт алаңында салауатты өмір салтын ұстанып жүрген тұрғындар арасында "Біз дұрыс өмірді таңдаймыз" ұранымен эстафета өткізді және кітапхана қорындағы денешынықтыру және спорт бағытындағы кітаптарды таныстырып, насихаттады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1521371842132956&set=pcb.3795876003961451

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 20 қыркүйек күндері жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын – «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шара барысында қызмет көрсету бөлімінің салт-дәстүр бұрышында безендірілген "Шебер қолдар" көрмесімен таныстырылды. Одан кейін "Бір кітаптың мұражайы" яғни  "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына шолу жасалды. "КітапTime" фестивалінің жалғасы конференция залында "Кітап оқитын уақыт" атты оқырмандарға, жасөспірімдерге арналған әдеби кітаптарға шолу жасап таныстырылып, шараға қатысушылар өз оқыған кітаптарыменде бөлісті. «Қазына» коворкинг орталығында «Кітап пен жарқын әлемге» атты кitap time өткізілді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудандық кітапханада «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шара өткізіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында Тәуелсіздікке жетер жол, Желтоқсан көтерілісі жайында мағлұматтар беріліп, жасөспірім оқырмандар жыр шумақтарын оқыды.

Алдағы уақытта жыл бойына жоспар бойынша мерейтойлар, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл, ҚР Конституциясына 30 жыл,  А.Құнанбаевтың 180 жылдығына, С. Бегалиннің 130 жылдығына, ақын Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлинің 90 жылдығына, І.Есенберлиннің 110 жылдығына, С.Мұқановтың 125 жылдығына, Ж.Молдағалиевтің 105 жылдығына, жазушы-журналист Ғ.Б.Файзоллаұлының 60 жылдығын  атап өтуіне арналған шаралар бойынша жұмыстану, атаулы және еске алынатын күндерге арналған кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, кездесу кештері, кітапханалық жобалары мен  кештер арқылы оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету бойынша, оқырман қауымды жаңа түскен әдебиеттер және мерзімді басылымдармен таныстырып, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстанатын боламыз.  

        Теректі аудандық  мәдени –демалыс орталығы бойынша  21 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды:

-  1 аудандық мәдениет үйі /Теректі/,

- 9 ауылдық мәдениет үйі /Төңкеріс, Долин, Приречный, Покатилов, Анқаты, Ақжайык, Шағатай, Подстепный,Сарыөмір/, 

- 11 ауылдық клуб /Құмақсай, Богданов, Ұзынкөл, Алғабас, Юбилейный, Ақсуат, Абай, Ақсоғым, Қоғалытүбек, Үлкен Еңбек, Жайық/, 1 автоклуб  /Теректі/,

Оның 10-ы типтік үлгідегі ғимаратта, 10 – бейімделген ғимаратта орналасқан. 1 – Алғабас ауылында ғимарат жоқ.

Клуб мекемелерінің салыстырмалы көрсеткіші: өзгеріссіз.

Жаңадан ашылды: 2023 жылы - Ақжайық ауылындағы ескі ғимаратты  әдебиетшілер үйіне пайдалану мақсатына бейімдеу үшін ағымдағы жөндеу жүргізуге  28 000,0 /мың/ теңге қаражат бөлініп, 2024 жылы жергілікті бюджеттен қосымша 6 000,0 теңге қаражат бөлініп қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданымызда Әдебиетшілер үйі ашылды.

Күрделі жөндеу:

          2022 жылы - Теректі  ауылындағы мұражайы ғимаратының  күрделі жөндеу жұмыстары үшін    «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 98070,0 /мың теңге/ қаражат бөлініп, мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖСШ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, желтоқсан айында аяқтап, қолданысқа берілді.

Апатты жағдайдағы мәдениет ошақтары: жоқ.

Күрделі жөндеу қажет ететін  - Аудандық мәдениет үйі

Қысқы жылыту маусымы: 14 мекеме – көгілдір отын, 

                                                    6 мекеме – электр қуаты

                                                    1 -  Алғабас ауылдық клубында ғимарат жоқ. 

Мәдени мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында есепті кезең, 2024 жылы – 35 423,0 /мың/ теңге қаражат игерілді. 

         Атап айтсақ,  сахналық киімдер – 55 дана (әншілерге – 10 дана  /1 200,0/ теңгеге,  халықтық «Теректиночка» вокалдық тобына 7 дана  /1 050,0/ теңгеге,  үлгілі «Жұлдыз» би ансамбліне  – 17 дана   /517,0 тг/, үлгілі «Өркен» вокалдық ансамбліне 7 дана /420,0 тг/, халықтық «Теректі» ВАА сахналық киімдер -  7 дана /280,0 тг/, Жаңа жылдық персонаждарға  7 дана /1100,0/)  тіктірілді. Ұзынкөл ауылдық клубына газға арналған котел – 1дана /175,0/, газ жандырғыш 1 дана /850,0тг/, насоатар – 10 дана /1 823,0/, процессор – 3 дана /496,1/,түрлі –түсті принтер – /132,0/, насос -2 дана /485,0/, студияға арналған монитор- 2 дана /210,5 тг/, ауди интерн фойе -1 дана /140,8/, прожектор -  6 дана (642,0),  кондиционер -5 дана (572,6), цветный лазер – 2 дана (247,0), контролер VSB  - 1 дана (63,0). микшер пулті –1 дана (119,0) ОПС -4дана /83,0/,  түрлі-түсті принтер- 196,6 мың тг, дыбыс-күшейткіш аппаратура жиынтығы /1090,0/, офистік жиһаздар /1 364,0/, әдебиетшілер үйіне ЛЭД экран / 2 221,2/, ноутбуктер 4 дана / 547,1/ ,   сатып алынды.  Газель автокөлігі – 18 748, 0 теңгеге сатып алынды

            Аудан мәдениет мекемелерінің кадрлары:

2025 жылдың 1 қаңтарына аудандық аудан бойынша  –қызметкерлер саны 256  адамды құрады. Оның ішінде сапалық құрамы бойынша  111 әйел, ер адам – 145.

Қызметкерлердің жас ерекшеліктері: 29 жасқа дейін - 23 , 30-50 жастатығылар - 114 , 50 жастан асқандар -119 . Жоғары білімді маман  - 65 , арнайы орта білімді маман -  30, орта білімді маман - 161.

Сырттай оқитындар - 5. Біліктілікті көтергендер – 3

Тайшыбаева Жанар Жеңісқызы - «JUZ» шығармашылық бірлестігінен «Бастау» хореографиялық өнер саласы бойынша классикалық, халықтық сахна, қазақ биі, бидегі акробатика бағыттары бойынша 2-семинарға қатысып, білігітілік оқу курсын аяқтағаны үшін сертификат алды.

- Республикалық «Алтын білезік» би байқауында Тимиргалиева Дана Маханбетқызы -  «JUZ» шығармашылық бірлестігінен «Бастау» хореографиялық өнер саласы бойынша классикалық, халықтық сахна, қазақ биі, бидегі акробатика бағыттары бойынша 2-семинарға қатысып, білігітілік оқу курсын аяқтағаны үшін сертификат алды.

Құсайынова Гүлназ Рахымғалиқызы - "Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі", Ресей Федерациясының халық әртісі,  кеңестік және ресейлік джаз және эстрада әншісі, актриса және мұғалім; музыка академиясының президенті, Минскіде Лариса Долина музыкалық академиясы мен Россотрудничества бірлескен жобасының оқу қарқындылығын өткендігі туралы сертификатқа ие болды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында: 2024 жылы 3 қызметші «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы пәтерге ие болды. (Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері - Қабашева Бақытгүл Ғабитқызы, Жармухамбетова Айсулу Нұрболатқызы, Аңқаты ауылдық мәдениет үйінің қызметкері - Сағындыкова Закира Жадырақызы тұрғын үй алды) және 2024 жылы жұмысқа орналасқан маман пәтерге бюджеттік кредит  пен әлеуметтік  көтерме ақысын алды.

Шығармашылықты дамытудағы мамандардың қажеттілігі – аудандық мәдениет үйіне домбырашы - күйші, қобызшы, баянист мамандықтары бойынша, Приречное, Төңкеріс, Богданов ауылдық округтеріне жас мамандар қажет.

Мәдени мекемелерінің ақылы қызметі есепті кезеңде 2024 жылы - 2 354,0 /мың/ теңгені құрап  ақылы қызмет 101 % -ға орындалып отыр.

- Аудан бойынша 10 «Халықтық» (7 халықтық, 3 үлгілі) атағы бар өнер ұжымдары жұмыстарын жалғастыруда.

- Аудан бойынша мәдениет мекемелерінің клубтық құрылымдары:  2022 ж. – 119,   2023 ж. – 122,    2024 ж. -  123  

- Клубтық үйірмелерге қатысушылар саны:  2022 ж. – 1192,   2023 ж. – 1196,   2024 ж. -  1301  

- Салыстырмалы көрсеткіш: үйірме саны – 2022 жылмен – 4-ке, 2023 жылмен  -1-ге өсті. Қатысушылар саны  - 2022 жылмен -109, 2023 жылмен – 105 –ке өсті.

- Аудан бойынша мәдени-көпшілік шаралар саны:  2022 ж. – 1363,    2023 ж. – 1196,   2024 ж. - 1272   

- Салыстырмалы көрсеткіш:  мәдени шаралар саны - 2022 жылмен салыстырғанда (6,7%) 91 шараға азайған болса,  2023 жылмен салыстырғанда (6,4%)  76 шараға өсіп отыр.

- Мәдени-көпшілік шаралардың көрермендер саны: 2022 ж. – 78280,  2023 ж.  - 78335,  2024 ж. - 78366  

               Негізгі шаралардың кейбіеуіне тоқатала кетсек:  Теректі ауданында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өткен шаралар барлық ауылдық округтер мен елді мекендерді қамтыды. Наурыз мейрамы, Көрісу күні, және ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты іс-шаралар аудан тұрғындары, жастар мен ардагерлерді біріктірді. Әр ауылда арнайы шаралар ұйымдастырылып, олардың қатарында «Көрісу күні» мен «Наурыз мейрамы» аясындағы «Көктем басы - көрісу» көшелер сайысы, «Қайырымды көктем» акциясы, «Салт-дәстүр - сан ғасырға саф мұра» шарасы және «Наурыз шуағы» мерекелік концерті ерекше атап өтуге болады.  Шараларға 7000-нан астам адам қатысты, олардың ішінде аудан әкімі, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер мен жастар болды. Ақжайық ауылында «Көрісу айт - ізгілік жаршысы» шарасына ақсақалдар мен тұрғындар қатысып, ұлттық ойындар мен мәдени шаралар ұйымдастырылды.

           

Теректі ауданында өткізілген халықаралық «Алтын көпір» фестивалі Сарыөмір ауылында, Шалқар көлінің жағасында өтті. «Ата салтым-асыл қазынам» мәдени шарасы аясында ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесі, концерттік бағдарлама, ұлттық ойындардан шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Фестивальге Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Челябинск, Астрахан облыстарынан қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар, аудандық мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар қатысты.

«Ата салтым-асыл қазынам» іс-шарасы ашылу салтанатымен басталып, халықтық «Шежіре» әжелер ансамблі мен Камшат Қадырғалиеваның орындауында әндер орындалды. Концерттік бағдарламада өнерпаздар өнер көрсетіп, қолөнер мен ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдары мен қолөнер бұйымдарын тамашалап, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық ойындардан шеберлік сағаттары өткізілді, қатысушылар асық ату, садақ ату сияқты ойындарға белсене қатысты.

Шараның мақсаты - Батыс Қазақстан мен Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері арасындағы мәдени байланысты нығайтуда болды. Қонақтар мен қатысушылар шараның көркемдік деңгейі мен мазмұнын жоғары бағалады. Шараға Челябинск облысынан келген Айша Кенжеболатова да қатысып, әннен шашу шашты.

      Теректі ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі – ақын Ақұштап Бақтыгереева туып-өскен Ақжайық ауылында 80 жылдық мерейтойы қарсаңында әдебиет саласында маңызды оқиға болды. Бұл күні Әдебиетшілер үйі ашылып, ауданның рухани өмірін жандандырып, әдебиеттің дамуына үлес қосу мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды. Әдебиетшілер үйінің ашылуы мен оның ішкі бөлмелерімен танысу, көрмелер және Жайықтың Ақ Шағаласына арналған бөлмедегі өлеңдер оқылуы сәтті өтті. Сонымен қатар, конференция-залында әдебиетшілер мен қаламгерлердің бас қосқан конференциясы өткізілді. Ашылу салтанатына аудан мен облыс орталығынан көптеген әдебиетшілер мен қоғам қайраткерлері қатысты, олардың арасында Бауыржан Ғұбайдуллин, Қазбек Құттымұратұлы, Үзілдік Елеубайқызы, Мира Сүйінішәлиева, Ғайса-Ғали Сейтақ және басқа да белгілі тұлғалар болды. Шараға жергілікті тұрғындар, әдебиетсүйер қауым мен мектеп оқушылары да қатысып, әдебиеттің маңызын арттыруға үлес қосты. Әдебиетшілер үйінің ашылуы қазақ әдебиетінің маңызын насихаттауға, жастарды әдебиетке баулуға бағытталған маңызды қадам болды.

            Теректі ауданында Отбасы күні, Аналар күні, Халықаралық отбасы күні мерекелеріне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар отбасы құндылықтарын дәріптеу, аналардың мәртебесін көтеру, отбасылық дәстүрлер мен мәдениетті қолдау мақсатында әр ауылдық округте өткізілді. Әсіресе, отбасылар мен балалар белсене қатысып, шығармашылық әлеуеті мен отбасылық бірлікті көрсететін көріністер ұйымдастырылды.  Шаралардың арасында 10 негізгі іс-шараны атап өтуге болады: «Аналарға тағзым! Аналарға құрмет» дөңгелек үстелі, «Татулығы жарасқан отбасы» шарасы, «Дені сау ұрпақ» отбасылық сайысы, «Өнегелі өмір бақытты әйел» тақырыбындағы шара, «Біз - бақытты жанұя» мерекелік кеші, «Өнегелі отбасы - үлгі ордасы» интеллектуалдық сайысы, «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» мерекелік концерті, және «Менің отбасым – менің мақтанышым» мәдени шарасы.

Шараларға 1000-нан астам адам қатысты, олардың арасында әртүрлі отбасылар, балалар, жастар және ауыл тұрғындары болды. Сонымен қатар, аудан әкімі, ауыл әкімдері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мәдениет қызметкерлері және қоғам өкілдері белсенді қатысушылар болды. Шараларда отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие мәселелері көтеріліп, аналар мен балалардың қоғамдағы орны ерекше атап өтілді.

          Орал қаласында, Атамекен өнер ордасында «Өнерден шашу шашқан өрендер» атты концерт өтті. Бұл концертте түрлі өнерпаздар мен топтар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Концертті ашқан Подстепный ауылынан келген «Сұлу» би тобы, Сарыөмірлік Марғұлан Елемес пен «Рухты жігіттер» тобының өнерлері ерекше ықыласқа ие болды. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Өркен» вокалдық ансамблі мен «Арайлым» тобы үлкен қошеметке ие болды.

         Концертте поэзия да орын алып, «Дат» театры мен Сарыөмір ауылынан келген өрендер ақындардың шығармашылығын шебер оқып берді. Домбыра үнінде «Телқоңыр» ансамблі мен Жайық ауылының дәстүрлі ән үйірмесі өнер көрсетті. Концерттің соңында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова барлық өнерпаздарға алғыс айтып, мәдениет саласындағы жетістіктерді атап өтті.

         Одан кейін аудан орталығында «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 30-ға жуық оқушы қатысып, әртүрлі өнер салаларында өз қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасы облыстық кезеңге жолдама алған қатысушыларды анықтап, олар фестивальдің келесі кезеңіне өту мүмкіндігін алды. Байқау соңында «Өркен» вокалдық тобының кіші тобы «Балдәурен» әнін орындап, сахнаға жарқын көңіл-күй сыйлады.

   Жаңа жыл қарсаңында Теректі аудандық мәдениет үйінде «Сиқырлы жаңа жыл-2025» мерекесі өтті. Аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова бүлдіршіндерді құттықтап, Аяз ата мен Ақшақар секілді кейіпкерлермен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мереке барысында оқу озаттары мен белсенді оқушыларға сыйлықтар табысталып, балалар ерекше көңіл-күймен қуандырылды.

                Теректі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар Подстепное, Сарыөмір, Құмақсай және Ұзынкөл ауылдарында өтті. Барлық іс-шаралардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық білім беру және қоғам мүшелерінің осы мәселеге қатысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.

Әр ауылда түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен ақпараттық сағаттар өткізілді. Мысалы, Подстепное мәдениет үйінде «Ақиқат алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстелі өтті, ал Құмақсай ауылдық клубында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Ұзынкөлде, сондай-ақ, «Жемқорлыққа қарсы» ақпараттық сағат өткізілді.

 

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем сұлу», «Аяулы, асыл жандар», «Ана деп ән салам», «Ана деген асыл жан», «Әлемнің жарығы», «Ана - гүл, ана - жыр»  шаралар Теректі ауданында үлкен салтанатпен өтті. Осы мерекелік іс-шаралардың аясында аудан әкімдігі, мәдениет саласы қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен өнерпаздар қатысты.

Мерекелік концерттің шымылдығын аудан әкімі Ә. Мұханбетжанова ашып, әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, әрбір шаңырақтың ұйытқысы болған аналар мен әжелерге жылы лебізін білдірді.. Сонымен қатар, концертте аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, «Өркен» балалар вокалдық ансамблі, «Жұлдыз» би ансамблі, «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Қатысушылар арасында Алматы қаласынан арнайы келген әнші, кино актері Асхат Үрпеков өз өнерімен теректіліктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі дизайнер Ж. Утепқалиева мен қазақы этно сән үлгілерінің дизайнері Қ.Иманғалиева ұлттық сән көрсетілімдерін ұсынды. Мұндай шаралар халық арасында әйелдерге деген құрметті арттырып, мәдениетке үлкен ықпал етті.

Биылғы жылы алда тұрған басты мақсаттар мен міндеттер

  1. Шалғайдағы ауылдық мәдениет үйілері мен клубтарды дыбыс күшейткіш музыкалық аппаратураларын жаңалау, ұлттық аспап, ұлттық киім, жарықтандыру, заманауи технологиялармен қамтамасыз ету;
  2. Жаңадан «халықтық» (үлгілі) атағын иеленген өнер ұжымдарының жетекшілеріне штаттық кестеге бірліктер енгізу және халықтық (үлгілі) ұжымдардың сахналық киім, декорациялармен толық жабдықталуына мүмкіндік жасау және ұжымдарға штат бірліктерін бөлу;
  3. Кадр мәселесі бойынша штаттық кестені кеңейту. Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында штат саны жоқтың қасында десе де болады. Кәсіби мамандар: аккомпониятор (оркестр), ұлттық аспапта орындаушылар (қобызшы, домбырашы, күйші, баянист), суретші, әнші, партитурашы мамандарымен толықтыру;
  4. Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіби деңгейін жетілдіруде облыс, республика деңгейіндегі арнайы курстарға жіберу;
  5. Клуб мекемелерін заманауи бірегей ақпараттық жүйеге біріктіру, шалғай мәдениет нысандарын интернет желісіне қосу, компьютерлік техникамен жабдықтау мәселелері.

Теректі  аудандық Достық үйі

        Бүгінгі таңда аудандық Достық үйінде 6 этномәдени бірлестік жұмысын атқарады: "Алтын бесік" қазақ мәдени бірлестігі, "Сябры" Белорус этномәдени орталығы" ҚБ, "Еднання" украин этномәдени орталығы, "Алтын гүл" татар этномәдени орталығы, "Фройндшафт" неміс этномәдени орталығы, "Русская изба"орыс этномәдени орталығы. Қазіргі уақытта "Сябры" Беларус этномәдени орталығы " ҚБ ресми тіркелген.

         Достық үйінің жүйелі жұмысының арқасында этномәдени орталықтарының, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерін одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндігі бар.ЭМО бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

        Достық үйінің  мекемесі құрамы: 21 адам. Вакансия – жоқ.

        Аудандық Достық үйі жыл сайын ауданның этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп ұлтаралық келісімнің тұрақтылығын нығайтуға , қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған түрлі көлемдегі, нысандағы және тақырыптағы іс-шаралар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізеді.

        Тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, Қазақстан халқының рухани мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылады.

         Есептік кезеңде 62 іс-шара өткізілді, 2496 адам  қамтылды.

         Қаңтар  айында  аудандық Достық үйінде балалар мен ересектерге арналған «Рождестволық көңіл-күй» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті.    ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы Мұхтар Күлжан жұмыс сапарымен Теректіге келді. Мұхтар Төлегенұлы аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қабылдауында болып, қоғамдық кеңес, этномәдени орталық өкілдері және округ әкімдерімен жүздесті.

         Жиын барысында ауданда атқырылып жатқан жұмыстар таныстырылып, әр этномәдени орталық басшысы өз жұмыстарынан сыр шертті. Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында іс-шара өтті. Славян халықтарының дәстүрлі «Масленица» мерекесі аталып өтілді. Аудандық  Достық  үйі  ұйымдастыруымен,  Қазақстан халқы Бірлігі  күні аясында әлеуметтік  желісінде «Этностар аптасы»  атты  танымдылық  шара өтті,  этномәдени орталықтары  өз жұмысымен  таныстырды. Отбасы  күніне орай  «Отбасы- бақыт  мекені»  атты    мерекелік шара өтті.  Әкелер күніне орай «Әкелермен биік елдің аспаны» кездесу ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлына арналған  балалар арасындағы   «Абай мұрасы» аудандық байқауы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы байқау, "Тәуелсіздік ел - Мәңгілік Ел атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары  өтті т.б.

           Теректі аудандық «Теректі» спорт клубы бойынша: Теректі ауданында 2 спорт кешені бар,  Теректі ауылындағы «Теректі» спорт клубы мен Подстепное ауылындағы дене шынықтыру  кешенінде барлығы - 54.5 бірлік бар, о.і. 1 директор, 4 әдіскер,  оның 3 әдіскері Подстепное ауылында, 5 спорт нұсқаушы, оның 4 нұсқаушысы Подстепное ауылында, 2 есепші, 22 кіші қызметкерлер.

 2024 жылы Теректі ауданының ауылдық округтеріне 13 спорт нұсқаушылары алыңды, олар - Ақжайық, Ақсоғым, Аңқаты, Ақсуат, Долин, Ұзынкөл, Құмақсай, Покатиловка, Приречное, Богдановка, Шаған, Шағатай, Шалқар округтер.

2024 жылы Теректі ауданында  27 спорттық және 20 бұқаралық шара  өткізілді, барлығы - 47 шара, 1959 спортшылар қатысты.

  1. Теректі ауданы, Теректі ауылында 2024 жылдың 19 қаңтар күні Шаңғы маусымының ашылуына орай аудандық турнир өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.

  2. 2024 жылдың 16 ақпан күні Теректі ауданы, Теректі ауылы Достық үйінде Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай ерлер мен әйелдер арасында шахмат, дойбыдан аудандық турнир өтті. Жарысқа 30 адам қатысты.

      

3.2024 жылдың 5-наурыз күні Теректі ауданы, Подстепное дене шынықтыру кешенінде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында волейболдан  аудандық турнир өтті. Жарысқа 50  адам қатысты.

              

  1. 2024 жылдың 14 наурыз күні Теректі ауданы Теректі ауылы Достық үйінің алдында 14-наурыз Көрісу мерекесіне орай (асық ату, ләңгі тебу, арқан тартудан) сайыстар өткізілді. Жарысқа 20 адам қатысты.

                       

  1. 2024 жылдың 14 наурыз күні Подстепное дене шынықтыру кешенінде Ұлттық спорт күні мерекесіне орай дәстүрлі садақ атудан және ләңгі тебуден аудандық жарыс өтті. Жарысқо адам 20 қатысты.

      

  1. 2024 жылдың 20 наурыз күні Теректі ауданы Теректі ауылында Ұлттық спорт күні мерекесіне орай (асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, садақ ату, ләңгі тебуден) сайыстар өтті.  Жарысқа 50 адам  қатысты.

              

  1. 2024 жылдың 22 наурыз күні Теректі ауданы Теректі ауылында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай (гір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру, асық атудан) спорттық шаралар өтті. Жарысқа 70 адам қатысты.

      2024 жылдың 4 мамыр күні Теректі ауданының, Подстепное ауылының мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Теректі ауданының тұрғындары арасында шахматтан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан аудандық турнир өтті.Жарысқа 50 адам қатысты.

 

  1. 2024 жылдың 10 мамыр күні Теректі ауылы Орталық спорт алаңында 9 мамыр Жеңіс күніне орай мекемелер арасында шағын-футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа 70 адам қатысты.

                    

  1. 2024 жылдың 14 мамыр күні Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде республикалық ересектер арасындағы "Қазақстан барысының" аудандық іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа 15 адам қатысты.

                            

  1. 2024 жылдың 28 маусым күні Теректі ауданы, Сары өмір ауылында Толағай алыптары сайысынан аудандық іріктеу жарысы, Теректі ауданының спорт әдіскерлерімен дөңгелек үстел отырысы және Спорт әдіскерлерімен Сары өмір аулының жастары арасында волейболдан жолдастық кездесу ойыны өтті. Жарысқа 25 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 4 шілде күні Теректі ауданы, Подстепное ауылында, Подстепное дене шынықтыру кешенінде Астан күніне орай ардагерлер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.
  3. 2024 жылдың 11 шілде күні Теректі ауданы, Теректі ауылының Орталық спорт алаңында “2024 жылдың 8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынына қарасты” Теректі ауылының тұрғындары мен қонақтары арасында садақ атудан,асық атудан және ләңгі тебуден сайыстар өтті. Жарысқа 30 адам қатысты.

       

  1. 2024 жылдың 2 тамыз күні Теректі ауданы, Подстепное дене шынықтыру кешенінде Олимпиада ойындарына қатысушы Қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында волейболдан Теректі ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 100 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 26-27 тамыз күндері Теректі ауданы, Теректі ауылының Орталық спорт алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Теректі ауданының мекеме қызметкерлері арасында (волейбол, шағын футбол, арқан тартыс, садақ ату, қазақ күресі, асық ату, үстел теннисі) аудандық спартакиада өтті. Жарысқа 100 адам қатысты.

                 

  1. 2024 жылдың 3 қазан күні «Мұғалім күні» мерекесіне орай аудан мұғалімдері арасында Теректі ауданы Шаған ауылдық округінде қыздар арасында волейболдан және Подстепное дене шынықтыру кешенінде ерлер арасында шағын-футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа 100 адам қатысты.

 

  1. 2024 жылдың 11 қазан күні Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округінде Теректі спорт клубы қызметкерлері арасында “Алтын күз” спорттық шаралары (ләңгі тебу, садақ ату, балық алудан) өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.

                                     

  1. 2024 жылдың 15 қазан күні Теректі ауданы, Подстепное дене шынықтыру кешенінде “Кемсітуді білмейміз - бәріміз бірдейміз” мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында қол күресінен, дойбыдан және үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа 25 адам қатысты

   

  1. 2024 жылдың 24 қазан күні Теректі ауданы, Подстепное дене шынықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы күніне орай шағын-футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа 80 адам қатысты.

                

  1. 2024 жылдың 26 қараша күні Теректі ауданы, Теректі ауылы Теректі спорт клубының спорт залында Сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне орай Теректі ауданының мекеме қызметкерлері арасында асық атудан («бес табан» және «бес асык») ерлер мен әйелдер арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа 30 адам қатысты.

         

  1. 2024 жылдың 15 қараша күні Теректі спорт клубының спорт залында ерлар арасында «Теректі» спорт клубы Деструктивті діни ағымдар жақтастарын ортаға тарту бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында Аманат жайық қоғамдық қорымен бірлесіп жамағат  арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа 40 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 29 қараша күні Теректі спорт клубының спорт залында ерлар арасында  «Теректі» спорт клубы Деструктивті діни ағымдар жақтастарын ортаға тарту бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында Аманат жайық қоғамдық қорымен бірлесіп жамағат  арасында шағын футболдан  аудандық турнир өтті. Жарысқа 50 адам қатысты.              
  3. 2024 жылдың 12 желтоқсан күні Теректі ауданы, Теректі ауылының Теректі спорт клубының спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ерлер арасында үстел теннисінен және киберспорттан (плейстейшен) аудандық турнир өтті. Жарысқа 40 адам қатысты.
  4. 2024 жылдың 25 желтоқсан күні Теректі ауданы жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтетін көпшілік жүгіру жарысы өтті. Жарысқа 50 адам қатысты.

Теректі ауданының ауылдық округтерде спорт бағытында  2024 жылы - 23 спорттық шара өткізілді.

  1. 2024 жылдың 6 маусым Шалқар ауылдық округінің спорт алаңында "Қолжетімді спорт" әлеуметтік жобасы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көңілді эстафета,арқан тартыс,үстел теннисі,футбол сынды шаралар өткізілді. Жарысқа 30 адам қатысты.

                                    

  1. 2024 жылдың 11 маусым күні Теректі ауданы, Долин ауылдық округінің спорт алаңында "Қолжетімді спорт" әлеуметтік жобасы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шара өткізілді. Жарысқа 25 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 13 маусым күні Теректі ауданы, Долин ауылдық округінің спорт алаңында "Қолжетімді спорт" әлеуметтік жобасы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көңілді эстафета, бес асық, футбол сынды шаралар өткізілді. Жарысқа 20 адам қатысты.

                                        

  1. 2024 жылдың 13 маусым күні Теректі ауданы, Долин ауылдық округінің спорт алаңында ауылдық жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 25 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 14 маусым күні Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округінде "Әкем және мен" атты әке мен бала арасындағы көңілді эстафеталық сайысы өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.

                                       

  1. 2024 жылдың 28 маусым күні Теректі ауданы, Сары өмір ауылында Толағай алыптары сайысынан аудандық іріктеу жарысы, Теректі ауданының спорт әдіскерлерімен дөңгелек үстел отырысы және Спорт әдіскерлерімен Сары өмір аулының жастары арасында волейболдан жолдастық кездесу ойыны өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 6 шілде "Астана күніне" орай Аңқаты ауылдық округінде ауыл жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 50 адам қатысты.

                                   

  1. 2024 жылдың 6 шілде Теректі ауданы, Долин ауылдық округінде Астана күніне арналған "Көңілді старт" спорттық сайысы ұйымдастырылды. Жарысқа 15 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 9 шілде күні Теректі ауданы, Долин ауылдық округінің спорт алаңында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұлдар арасында шағын-футболдан және қыздар арасында бес асық ойынын, балалар тоғызқұмалақ ойынынан жарыстар өтті. Жарысқа 25 адам қатысты.

                      

  1. 2024 жылдың 16 шілде күні Теректі ауданы, Долин ауылдық округінің спорт алаңында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұлдар арасында шағын-футболдан және қыздар арасында бес асық ойыны өтті. Жарысқа 24 адам қатысты.

                    

  1. 2024 жылдың 19 шілде күні Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округінде 2024 жылдың 8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында ауыл тұрғындары арасында  Қазақша күрестен  жарыс өтті. Жарысқа 20 адам қатысты.

                                           

  1. 2024 жылдың 22 шілде күні Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округінде 2024 жылдың 8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында және этноспорт пен өркениетті дамытуға бағытталған мекемелер арасында садақ атудан, асық атудан және арқан тартыстан сайыс өтті. Жарысқа 35 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 26 шілде күні Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округінде 2024 жылдың 8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында ұлттық спорт түрлерінен арқан тартыс, қол күресі, және садақ атудан сайыстар өтті. Жарысқа 50 адам қатысты.

     

  1. 2024 жылдың 26 шілде күні Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Теректі ауданының ауылдары орасында шағын футболдан “AQSOGUM CUP 2024” айналмалы кубок жарысы өтті. Жарысқа 70 адам қатысты.

 

  1. 2024 жылдың 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Долин ауылдық округінде әйелдер бес асық ойыны және ерлер арасында тоғызқұмалақ ойыны өтті. Жарысқа 10 адам қатысты.

        

 

  1. 2024 жылдың 3 қыркүйек күні Ортбасы күніне орай Долин ауылдық округінде Отбасы бақыт мекені атты отбсылық эстафета өтті. Жарысқа 40 адам қатысты.

                               

  1. 2024 жылдың 28 қыркүйек күні Долин ауылының 115 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен спорттық шара ұйымдастырылды. Қазақ күресі, қол күресі, асық ату, бес асық, қой көтеру және гір тасын көтеру. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды. Жарысқа 60 адам қатысты.

                    

  1. 2024 жылдың 28 қыркүйек күні Ақсоғым ауылдық округінде 1994 жылғы түлектер мектеп бітіргендеріне 30 жыл болуына байланыс Ақсоғым ауылында мектеп түлектеріне арнап шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 100 адам қатысты.

 

  1. 2024 жылдың 4 қазан күні Теректі ауданды Долин ауылдық округінде Долин ауылының 115 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен спорттық шара ұйымдастырылды. Қазақ күресі, қол күресі, асық ату, бес асық, қой көтеру және гір тасын көтеру. Жарысқа 70 адам қатысты.

                            

  1. 2024 жылдың 28 қараша күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ҚСРО халық ағарту ісінің үздігі, тіл жанашыры Мурадимов Төреш Мұрадымұлына 100 жыл толуына орай шахматтан ерлер арасында Теректі аудандық турнирі өткізілді. Жарысқа 30 адам қатысты.

                   

  1. 2024 жылдың 6 желтоқсан күні Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде КСРО спорт шебері, спорт ардагері, еңбегі сіңген оқытушы жаттықтырушы Бисенов Бақытжан Бисенұлына 80 жыл толуына орай дойбыдан, тоғызқұмалақтан аудандық турнирі өтті. Жарысқа 30 адам қатысты.
  2. 2024 жылдың 11 желтоқсан күні Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Жастар кубогі - 2024" волейболдан сайыс оздырылды. Бұл шараға округ мемлекеттік мекемелері және көршілес жатқан Абай және Үлкен Еңбек ауылдары келіп қатысты. Сонымен қатар округ тұрғындары әйелдер арасында дойбы жарысы да өтті. Жарысқа 60 адам қатысты.
  3. 2024 жылдың 13 желтоқсан күні Теректі ауданы , Приречное ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай  дойбыдан, шахматтан аудандық турнир өтті. Жарысқа 25 адам қатысты.

Сонымен қатар Теректі ауданының спортшылары 22 облыстық  шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтатын болсақ 2024 жылы 9-10 наурыз күндері аралығында, футзалдан ересектер арасында Орал қалалық ашық кубогі турнирі өтті. Турнирге 12 құрама команда қатысты. Оның ішінде Теректі ауданының командасы да қатысып жүлделі 3 орынға ие болды және 2024 жылдың 16 мамыр күні Тасқала ауданында  волейболдан 40  жастан жоғары ардагерлер арасында Тасқала ауданынның ашық біріншілігі өтті. Теректі ауданының командасы 1-орынға ие болды. 2024 жылдың 1-17 тамыз аралығында әр сенбі-жексенбі күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасындағы спорт күніне арналған ҚКФ ардагерлер арасында шағын-футболдан ашық қалалық турнир өтті. Қалалық турнирге Теректі ауданының командасы қатысып жүлделі 3-орынға ие болды.  2024 жылдың 25 тамыз күні Орал қаласында +35 жастан жоғары Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай волейболдан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Теректі ауданының командасы жүлделі 1-орынға ие болды. 2024 жылдың 20-22 қараша күндері Бөрлі ауданында БҚО спорт мектептері арасында облыстық спартакиада өтті. Осы спартакиадада Теректі ауданының БЖСМ командалық есепте жүлделі 2-орынға ие болды.

 

 

Документы
Ақпарат
09 апреля 2026
«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Новости
Полезные материалы
Мәдениет және спорт
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы