
2024 жылда атқарылған жұмыстар
2025 жылдың 1 қантарына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 28260,3 млн.теңгені (өсімдік шаруашылығы- 11260,5 млн.теңге, мал шаруашылығы- 16919,3 млн.теңге,қызмет көрсету – 80,7 млн.теңге) құрады, өткен жылы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемімен салыстырғанда 99,7 %.
Барлығы 2178(94,8%) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 261 (96,7%) заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т. б.), жеке кәсіпкерлер – 1154( 96,3%), шаруа немесе фермер қожалықтары – 763 (91,9%). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – 2083 (97,3%), оның ішінде заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т.б.) – 237 (105,3%), жеке кәсіпкерлер –1102 (98,7%), шаруа немесе фермер қожалықтары – 744 (93,1%).
Барлық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 11674,1 млн.теңге құрады (107,9%).
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 45334,3 млн.теңгені құрады (өткен жылдың деңгейінен 221,6%), соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына -3854,6 млн.теңге (183,6%),өнеркәсіп өніміне -665,85 млн.теңге .
2024 жылы егіс жұмыстарына 112 шаруашылық қатысып, жалпы егіс көлемі 146,0 мың.га құрады.
Аудан бойынша саяқ шегірткелер личинкалардың жаппай көрінуі осы жылғы 16 маусымнан басталып Аңқаты ауылдық округінің аумығанда байқалды, шегерткелердің қоныстану тығыздығы шаршы метрге 12 дана, барлық анықталған аумақтарға залалсыздандыру жұмыстар жүргізілді, аудан бойынша саяқ шегірткелерге қарсы маусымдық жұмыстар 14600 гектарда жүргізілу жоспарланып, 14600гектарда залалсыздандыру жұмыстар аяқталды, соның ішінде 14500 гектар шаруашылықтар аумағында жұмыстар толығымен орындалды, және 100 гектар мемлекеттік қордың жерлерінде өткізілетін жұмыстардың залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
"Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту" жол картасын іске асыру шеңберінде минералды тыңайтқыштарды сатып алу туралы.
Ауыл шаруашылығы басқармасы минералды тыңайтқыштарды 9 280 тонна және элиталық тұқымдарды 4 699 тонна пайдалану жоспарын бекітті. Іс жүзінде 2000 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды және пайдаланылды
Тұқымдарды толтыру туралы ақпарат (кесте)
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес аудан бойынша жаздық дақылдар тұқымының қажеттілігі 6999 тоннаны құрады, 7347 тонна немесе 105% дайындалды, оның ішінде дәнді дақылдар қажеттілік - 5055 тонна, 5369 тонна немесе 106% дайындалды, майлы дақылдар қажеттілік – 535 тонна, 563 тонна немесе 105% дайындалды , қажеттілік мал азығы дақылдары 159 тонна, 165 тонна немесе 104% дайындалды, картоп тұқымымен қамтамасыз етілгені 100 % (1250 тонна)
Техника туралы
Ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарын жүргізу үшін 2284 бірлік техникасы тіркелген: 1337 трактор, 139 комбайн, 653 трактор тіркемесі, 138 жол-құрылыс, 7 қар жүргіш және 10 басқалары. Жыл басынан 234 бірлік техника тіркелді. 183 бірлік техникасы тіркеуден шығарылды. 53 тракторист-машинист куәлігі берілді, 14 кепіл шарт тіркеліп 41 машина кепілге қойылды.
2024 жылы 208 жаңа техника сатып алынды ( 72 техника «КазАгроҚаржы» АҚ және 5 «КомТрансЛизинг» ЖШС арқылы лизингке).
Теректі аудан шаруашылықтарында 31 шет елдік трактор (28 Джон Дир және 3Кейс ), 26 шет елдік комбайндар ( 23Джон Дир ,3 Нью Холланд) тіркелген. 15 егіс кешендері бар: 2 Флекси Койл және 13 Джон Дир.
Көктемгі далалық жұмыстарды қаржыландыру.
Субсидиялау бағдарламаларынан бөлек, көктемгі далалық жұмыстарды қаржыландыруға бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 195 млн.теңге несие алынды.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында 2025 жылдың 1 қантарына Ірі қара мал басы 59741 (116,7%) бас, соның ішінде сиыр 28141 (106,1 %), қой 59187 (116,4 %) бас, ешкі 9174 бас (110,7 %), жылқы 16937 бас (115,9%), шошқа 1074 бас (85,6%), құстар 43964 (101,7%) бас.
Төл алу туралы:
2024 жылдың 1 желтоқсан 20994 бас бұзау (108,9 %), қозы мен лақ - 35485бас (87%), құлын 5126 бас (121,3%), торай 2768 бас (154,9 %), төл алынды.
Мал өнімдерін өндіру: Аудан бойынша жеке тұрғындар, шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылық құрылымдары: 27407 тн сүт (93,3%), 6212 тонна ет (102%), 4876,7 мың дана жұмыртқа (104%) өндірді.
Мал қыстауға арналған қолда бар мал басына шөп дайындау жоспары 146,5 мың тонна, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 85,37 мың тонна, жеке қосалқы шаруашылықтарда – 61,13 мың тонна. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 102,74 мың тонна немесе 120,4%, жеке қосалқы шаруашылықтары- 67,16 мың тонна немесе 109.9% мал азығын дайындады.
2024 жылғы 01 қазанына Теректі ауданы бойынша қыстыққа дайындалуы тиіс 146,5 мың тонна шөптің 169,9 мың тоннасы,немесе жоспардың 116,1 % орындалды, соның 16,22 мың тоннасы өткен қыстақтан қалғаны болса, 153,78 мың тонна биыл шабылғаны. Шабылғаны 270100 гектар жер.
Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар:
2025 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтарда 13165бас асыл тұқымды ірі қара (ақбас – 9236, герефорд – 1128, ангус – 918 бас, сүтті бағыттағы 1862және сүт және ет бағытындағы – 328 бас, басқалары 21 бас)
16 шаруашылықта 335 бас асыл тұқымды Көшім тұқымдас жылқы және 20 шаруашылықта 1117 бас Еділбай тұқымды аналық қой және қошқарлар.
Өткен жылдан бастап "Ауыл Аманаты" бағдарламасы белсенді жұмыс істейді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 117 адамға ауылда өз бизнесін дамытуға 738 млн теңге несие алды. 798 бас ірі қара мал, 715 бас ұсақ мал сатып алынды, өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында 16 кәсіпкерлік қызмет субъектісі және 125 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 64 өтінім берілді, оның ішінде 37 қарыз алушы 344,327 млн теңге несие алып, өз бизнес жобаларын іске асыруға кірісті.