Тасқала ауданы Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу және  өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді; Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсыну; Кадрлар жұмыстарын жүргізуге; Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған аналар базасын үнемі жаңартуға және жалпы марапатту мәселелерімен айналысады; Мәдениет, ішкі саясат, ономастика салалары бойынша жұмыстарды үйлестіреді; Ономастика жұмыстарын жүргізу, құжаттарын дайындауды үйлестіреді; Қауіпсіздік, еңбекті қорғау  және өрт қауіпсіздігі, сондай –ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларды бақылау және  уақытты нұсқау беру туралы және оны қауіпсіздік журналында тіркеу жүргізу; Ауылдық округ аумағындағы жер қатынастарын реттейді; Ауылдық округ аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіреді; Ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын рәсімдейді; Уақытша архивтік құжаттарды сақтап кейіннен мұрағатқа тапсыру; Қоғамдық тәртіпті сақтау іс-шараларының орындауын бақылауға; Барлық салтанатты іс-шараларды дайындау, өткізу, хаттамалау, халықпен кездесулерді және жиналыстарды, атаулы күндерді, мемлекеттік мейрамдарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және үйлестіруге, қоғамдық ұйымдарымен жұмыс істеуге, марапаттау құжаттарын жүргізуге; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындауға; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжауға және жоспарлауға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 17.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 201-кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71139)  21-4-95