Тасқала ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының,облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, тапсырмаларының орындалу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Ауылдық округ әкімінің құзыреті және қызметі бойынша берілген тапсырмаларды орындау; Сайлаушылар есебін жүргізу және сайлаушылар қозғалысын бақылау; Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және есебін жүргізу; Барлық салтанатты іс-шараларды, халықпен кездесулерді мен жиналыстарды, атаулы күндерді, мемлекеттік мейрамдарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру; Ауылдық округ әкімі аппаратының қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмысын ұйымдастыру; Ауылдық округ әкімінің және ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарын дайындау және орындалуын қадағалау; Қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шара жоспарларын құру және орындалуын бақылау; Ауылдық округ әкімінің мәдениет, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, спорт салалары және ішкі саясат бойынша жұмыстарын үйлестіру; Халықтың және малдың санағын жүргізу, ұйымдастыру, статистикалық есебін жасау;
Ауылдық округ аумағында ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу; Баспасөзге жазылуды ұйымдастыру; Әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды үйлестіру және қадағалау; әлеуметтік көмек көрсетуінің барлық түрінен құжаттарды қабылдау және дайындау; Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, қоғамдық жұмысшыларды бекітілген объектілерге жіберу, қадағалау; Әлжуаз топтағы азаматтарды анықтау, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру; Жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру; Азық-түлік мониторингін жүргізу және есебін жасау; Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асыру бойынша жұмыстану; «Е-халық» бағдарламасын, әр шаруашылық бойынша есепке алу электрондық базасын жүргізу, уақытылы есебін тапсыру; Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру; Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Ауылдық әкім аппаратын құжаттармен қамтамасыз ету, күнделікті кіріс корреспонденциясын қабылдау, тіркеу, өңдеу, рәсімдеу және бөлімдерге, ауылдық округ әкім аппараттарына жіберу және өтуін бақылау; Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карау; Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындау; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындауға; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстану; Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gu.kenzhegulova@bko.gov.kz
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 201-кабинет
-
8 (71139) 21-4-95