Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне 25.12.2022 жылға дейін, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу және  өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, тапсырмаларының орындалу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Ауылдық округ әкімінің құзыреті және қызметі бойынша берілген тапсырмаларды орындау; Ауылдық округ әкімі аппараты жұмысының қызметін ұйымдастыру, қадағалау, үйлестіру; Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің   жазылуын жүргізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау, уақытында жауап жолдау, уақытылы есебін тапсыру; Ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау; Ауылдық округ әкімінің қол қойған тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерін уақытында тіркеуге ұсыну және қажеттілігіне байланысты оларды  бұқаралық ақпарат  құралдарына  ресми жариялауға жолдау. НҚА мониторингін жүргізу, уақытылы есебін тапсыру; Ауылдық округте өз  құзыреттеріне сәйкес нотариаттық іс-қимылдар жүргізу; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына лайықты аналардың құжаттарын аудан әкімдігіне ұсыну, базасын үнемі жаңарту, мемлекеттік наградалар және жалпы марапаттау жұмыстарын ұйымдастыру; Ауылдық  округі әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тікелей ұсыну және есептілігін жүргізу; Ауылдық округ әкімінің мәдениет, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, спорт    салалары және ішкі саясат  бойынша жұмыстарын үйлестіру; Әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды үйлестіру және қадағалау, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, қоғамдық жұмысшыларды бекітілген объектілерге жіберу, қадағалау; Ауылдық округ әкімі аппаратының қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен  жұмысын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыс және құқықбұзушылықпен қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру, іс шараларын орындау, құқықтық оқытулар ұйымдастыру; Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бектіуіне ұсынады; Қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік (Ақтау т.б.) және спорттық іс-шара жоспарларын құру және орындалуын бақылау; Ауылдық округі әкімі аппаратының күнделікті кіріс корреспонденциясын  қабылдау, тіркеу, өңдеу, рәсімдеу және орындалуын бақылау. Шығыс корреспонденциясын уақытылы жіберілуін қадағалау; Істер номенклатурасын жасау, бекіту және оған өзгерістер енгізу, архивтік құжаттарды мұрағатқа тапсыру; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстану; Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2022 – 20.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МВ

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921495