Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтер (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін әлеуметтік демалыста болуына байланысты, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
224624
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Жылдық бюджет жобасын аудандық қаржы бөліміне ұсыну; Бөлінген қаржыны мақсатына сәйкес дұрыс және тиімді жұмсау және бақылау; Бухгалтерлік есептіліктің дұрыс және белгіленген уақытында тапсыру; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу; Мүлікті дұрыс және уақытылы түгендеу /инвентаризация/ бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу; Қаржы игеру жұмыстарын жүргізу; Қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді белгіленген мерзімінде дұрыс есептеу және төлеу; Қызметтік автокөліктің жол-сапар қағазының толтыруын қамтамасыз ету, тіркеу және қадағалау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Западно-Казахстанская область, Таскалинский район, с. Таскала, ул. Абая, 23
-
87113921397