Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-4

Орташа лауазымдық айлықақы

195549

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Геодезия және картография
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

         Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімідігі қаулыларының,  облыс және аудан әкімінің тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды; мемлекеттік  меншігіне  қайтарып жер  телімдерін ауданның арнайы  жер қорына  еңгізуге  қаулы жобасын дайындау; Аудандық  атқарушы  органдардың  қаулыларының және  усыныстарының жобаларын дайындау; Жер телімдерінің  паспорттарын беруге материалдарды дайындауға көмектеседі. Ауданның жер балансын жасау жерді пайдаланушылардың тізімін жасап облыс басқармасына мәліметтерді және жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері туралы, 2 зем  есеп тапсыру, мониторинг жүргізу; Ауданның кезекші картасын уақытында жүргізуді қамтамасыз етеді. Жерді меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізуге құжаттарды  дайындау. Жер телімдерінің сауда-саттығын жүргізуді уйымдастырып және оларға толдау жасауға көмектеседі. Бөлімге түскен қатынас қағаздар мен арыздарды уақытында қабылдап тіркейді және жауап беруді  орындауда жеке жауапкершілікте болады. «Е-лицензиялау» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне  келіп түскен өтініштерді тіркеу, орындау,  қадағалау; Жетекшілік ететін  сұрақтар  бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің уақытылы, толық, айқын тіркелуі, жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін №1 ОЛ есепке алу, мәліметтерді уақытылы ұсыну, қарау. «ИИС ЦОН» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне  келіп түскен өтініштерді тіркеу, орындау,  қадағалау; Қазақстан Республикасының  Жер кодексіне сәйкес жәнеде басқа мәселерге байланысты  материалдарды  дайындауға  көмектеседі. Қаржы бөліміне Жердің экономикалық жай-күйі туралы төлқұжат тапсыру. Ішкі еңбек  тәртібі ережесін сақтау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау; Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау және жер инспекциясына жолдау; Ақпараттық қауіпсіздік  және ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттама талаптарын  орындауға  міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге  де  міндеттерді  орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.04.2022 – 21.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921495