Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтер
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
195549
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, тапсырмаларының орындалу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Ауылдық округ әкімінің құзыреті және қызметі бойынша берілген тапсырмаларды орындау; Негізгі қаржы, түрлі мүлік, құнды заттар ақшалай қаражат түсімдерінің есебін жүргізу; Мемлекеттік бюджетке аударылатын төлемдерді уақытылы төлеу; Жалақылар қоры шығындарының жұмсалуының дұрыстығын қадағалау; Штаттық, қаржылық және кассалық тәртібін қатаң сақтау; Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, әкімдікке ұсыну жұмыстарын жүргізу; Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жасалған қаржылық операцияларды көрсету, уақытында және дұрыс құжаттарды рәсімдеу; Ашылған лимиттер мен мақсатына сәйкес қаражаттарды дұрыс және тиімді жұмсалуын бақылау; Шығын сметасының орындалуын, дұрыс есеп жүргізуін, бухгалтерлік есебінің уақытында құрылуын және тапсыруын, уақытында есеп ақысын есептеуін және төленуін, түгендеу қорытындыларын уақытында және дұрыс анықтау, оларды есепте көрсету; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу, округ бойынша мемлекеттік сатып алудың есеп-қисабын құру және ұсыну, Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру. Жылдық жоспарлар құру және бюджеттік өтінімдер беру; Дұрыс және уақытылы мүлікті түгендеуге /инвентаризация/ бірдейлендіру жұмысын жүргізу; Қаржы көздерінің тиімді шығындалуын үйлестіру; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмыстарын жүргізу; Қаржы игеру жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізу; Коммуналдық меншікке қатысты мәселелермен айналысу; Уақытша архивтік құжаттарды сақтап кейіннен мұрағатқа тапсыру. Мөр мен штамптың сақталуын қамтамасыз ету; Экологиялық есептерді жүргізу; Қаржылық желілік бағдарламалармен жұмыс істеу және есебін жинақтау (Парус, 1С, Ашық бюджет (budget.egov.kz), е.минфин (minfin.gov.kz), интерактивная карта (publicbudget.kz), салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), (stat.gov.kz), мемлекеттік реестр (gosreestr.kz) т.с.с Қолма қол бақылау шотының бюджеттік жоспарлау, кіріс және шығыс төлемдерін жүргізу; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921495