Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 2022 жылдың 18 наурызына дейін әлеуметтік демалыста болуына байланысты, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-4

Орташа лауазымдық айлықақы

195549

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

         Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Қоғамдық және саяси партиялардың жұмысын үйлестіреді және ақпараттық-насихаттау тобының жұмысын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының ішкі саясатымен тұрғындардың ақпараттану жұмыстарына, қоғамдық-саяси іс-шаралардың идеялық бағыттарына басшылық жасайды; Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіреді және насихаттайды, дөңгелек үстелдер өткізеді; Социологиялық зерттеулер жүргізеді; Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат мәселелерімен айналысады. Ауданда саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара және бірлесуіне болжам, әлеуметтік жағдайда мониторинг кұрады; Бұқаралық ақпараттық құралдармен байланыста болады; ҮЕҰ қызметіне әдістемелік көмек көрсетеді; Діни бірлестіктермен үнемі байланыс жасайды, түрлі діни конфессиялардың, ұлт өкілдерінің арасындағы түсіністікті жүзеге асырады, діни бірлестіктер бойынша кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді; Аудандағы бірлікті және біртектілікті нығайту және сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады; Мемлекеттік мекеменің перспективалық және жедел жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады; Мекеме қызметіне қатысты әкімдіктің қаулы жобаларын, әкім шешімдері мен өкімдерін дайындайды; Қоғамдық және саяси бірлестік партиялардың және ұйымдардың ақпараттық-насихаттау тобының ақпараттық-аналитикалық және зерттеу жұмыстарын өткізеді; Семинар, отырыс, кеңес, жиналыстарды  өткізуді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.11.2021 – 16.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921495