Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтер

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

195549

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу және  өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Жылдық бюджет жобасын аудандық қаржы бөліміне ұсыну; Бөлінген қаржыны мақсатына сәйкес дұрыс және тиімді жұмсау және бақылау; Бухгалтерлік есептіліктің дұрыс және белгіленген уақытында тапсыру; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу; Мүлікті дұрыс және уақытылы түгендеу /инвентаризация/ бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу; Қаржы игеру жұмыстарын жүргізу; Қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді белгіленген мерзімінде дұрыс есептеу және төлеу; Қызметтік автокөліктің жол-сапар қағазының толтыруын қамтамасыз ету, тіркеу және қадағалау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.09.2021 – 27.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921495