Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің бар болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімінің тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды; бөлім қызметкерлеріне уақытылы еңбек ақылары мен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыру, мерзімдік және жылдық қаржы жоспарларын даярлау, бухгалтерлік есеп-қисаптарды және есеп берулерді уақытылы жүргізу, іс-сапарларды, Бөлімнің өзге де іс-шараларын уақытылы қаржыландырып, тиісті құжаттарды талап етіп жинақтау, Бөлім балансындағы негізгі және өзге де кіші құнды мүліктерге есеп жүргізу; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдардың, баланстарының және қаржыландыру жоспарының орындалуының балансын қабылдау; қажетті болған жағдайда бөлім қызметімен байланысты жұмыс жүргізуіне қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды, аудиторларды және кеңесшілерді жұмылдыру; бюджет және өзге қаражаттардан қаржыландырылатын дебиторлық кредиторлық берешек бойынша есептерін жинақтау және құрастыру; бюджет және өзге қаражаттардан қаржыландырылатын ақылы қызмет  бойынша есептерді жинақтау және құрастыру; сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;  жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; өз лауазымдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның  мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жұмыстың жүзеге асырылуын қадағалау; аудан бойынша мемлекеттік сатып алудың есеп-қисабының уақытылы және сапалы жасақталып, ұсынылуын қадағалау; Бөлімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуын қадағалау; Тапсырыс берушілердің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу, сараптау және алдын алу; Заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.05.2020 – 13.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921495; 21397