Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тасқала ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Қосымша ақпарат:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Тұрмыстық-азаматтық құрылыс өндірісі үшін аудандық жер қатынастар бөліміне жер телімдерін беру жөнінде ұсыныс жасайды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясына қажетті құжаттамаларды, актілерді дайындайды. Құрылыс нысандарын орналастыру үшін таңдалған жер телімінің өлшемдерін, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына, құрылыс нормаларына және ережелеріне, стандартқа, техникалық шарттарға, техникалық қауіпсіздік нормаларына, өндірістік санитарияға және өрттен сақталуына сәйкестігін тексереді. Құрылыс нысандары бойынша атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарды қолданыстағы заңдарға сәйкес қабылдау және орындалған жұмыстар туралы актідегі көрсетілген жұмыстардың сәйкестігін тексереді. Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша 1-ИС нысанды айлық және жылдық статистикалық есепті уақытында орындалуын қамтамасыз етеді. Сәулет және құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, актілердің, қаулылардың, құрылыс нысандарының орналасқан жерінің сызбасын, бас жоспардан көшірмелерін, анықтамалардын және басқа да техникалық құжаттарын дайындайды. Тасқала ауданы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Аппарат акима Таскалинского района
-
87113921495