Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тасқала ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Қосымша ақпарат:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Жер мониторингісін жасақтау және тапсыру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Жерді меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссия отырысына құжаттарды дайындау; Жерге орналастыру жобалары негізінде қаулы жобаларын дайындау; Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру, Алғашқы рет тапсырылған жер учаскелері туралы есеп тапсыру; Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері туралы есеп тапсыру, мониторинг жүргізу; Жер реформасы бойынша жердің бөлінуі, таратуы туралы (2 зем) есебін тапсыру; Ауданының жер учаскелерін және олардың санаттарының, меншік иелерінің, жерді пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі мен жердің бар-жоғы туралы; Жер балансын жасақтау және тапсыру. Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау және жер инспекциясына жолдау; Иесіз жерлерді есепке алу; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру; Мемлекеттік қызметті тиімді, әрі сапалы, уақытылы көрсету; Е-Лицензиялау, ИИСЦОН жүйелеріне ақпараттар енгізу. Кезекші жұмыс карталарына уақытылы белгілеп отыру; Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау; Сату-сатып алу және жер учаскелерін жалға алу және уақытша өтеулі жер пайдалану келісімшарттарын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Тасқала ауданы әкімінің аппараты
-
87113921495