Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй инспекциясы секторының бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Өнер
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету, коммуналдық салада бәсеке дамыту, тұрғын үй және коммуналдық қызмет меншік иелерінің қарым-қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Коммуналдық шаруашылықты, комуналдық қызметті тұтыну есебін реттеу жұмыстарын дамытуды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қарайды. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметкерлердің жеке істерін және бұйрықтарды енгізу. Тасқала аудан әкімдігінің қаулы, өкім жобаларын дайындау. Бөлімнің теңгерімінде тұрған коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдау түсетін кірістер және жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді бақылау. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстар жүргізу. Кәсіпорындарындың жылумен, электрлендірумен, газбен, сумен қамтамасыз ету жұмыстары үйлестіру. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлкеттік бақылау, сондай-ақ елді мекенлердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обектілдерінде қадағалау субьектілерінде қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау. Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады. Көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресустарын есепке алу аспаптарының болуын жүзеге асырады. Кондомиум обьектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техниналық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақытылы орындалуын жүзеге асырады. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын жүзеге асырады. Әлеуметтік инфрақұрылым обьекілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды есептен шығаруды жүзеге асырады. Елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық балондары мен обьектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921495