Тасқала ауданы әкімі аппаратының бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Ветеринария
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Функционалды міндеттер
Терроризмге қарсы комиссияның отырыстарын дайындау; Уәкілетті органдарға ақпараттар дайындау және тұрақты негізде ұсыну; Ауданның терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының отырыстарына материалдар дайындау; Құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері, ауданның терроризмге қарсы комиссиясының құрамына кіретін ұйымдар және мекемелер арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттармен өзара алмасуды ұйымдастыру. Террористік тұрғыда осал объектілер тізбесін әзірлеу, бекітуге ұсыну. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыруға; Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала апатты тергеуге қатысуға;. Халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етуге; АҚ және ТЖ күштерімен комплексті, арнаулы-тактикалық және штабтық-командалық оқулар мен жаттығуларды өткізіп отыруға; АҚ және ТЖ қызметтерінің басқару құрамын, құрылымдарын және халықты ТЖ жағдайларды қазіргі уақыттағы зақымдау құралдарының залалынан сақтандыру әдісіне үйретіп оқыту және дайындауды ұйымдастырады; Аудандық ТЖ комиссиясының, аудан әкімінің басқару пункітінің және эвакооргандардың авариялық құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарын ТЖ кезінде ұйымдастыру; АҚ және ТЖ байланысты комиссиялар жұмысын ұйымдастырады және хаттамаларын ресімдейді; Ауданның жұмылдыру жоспарын дайындайды; Әскери брондау жұмысын жүргізу. Жүктілген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық- аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Западно-Казахстанская область Таскалинский район с. Таскала, ул. Абая, №23
-
87113921495