Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
90963 - 122463
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Функционалды міндеттер
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; Ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi; Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылыға жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады; Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады; Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың жергілікті атқаруша органдарына береді. Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасауға ұсыныстар береді; Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады; Азық-түлік мониторингісін үнемі жүргізеді және есебін тапсырады; Халық және ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады; Төтенше жағдайлардың алдын-алу және болдырмау шараларын ұйымдастырады; Сайлаушылар есебін жүргізеді және тапсырады; Статистикалық есептерді дайындайды және тапсырады; Барлық салтанатты іс-шараларды дайындау, өткізу, хаттамалау, халықпен кездесулерді және жиналыстарды, атаулы күндерді, мемлекеттік мейрамдарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және үйлестіруге, қоғамдық ұйымдарымен жұмыс істеуге, марапаттау құжаттарын жүргізуге; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындауға; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжауға және жоспарлауға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Западно-Казахстанская область Таскалинский район с. Таскала, ул. Абая, №23
-
87113921495