Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-1

Орташа лауазымдық айлықақы

122463 - 164936

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)

Қосымша талаптар

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті, ҚР Үкіметі актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан және ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін, тапсырмаларын орындалуын қадағалау; Округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, бақылау; Мемлекеттік сатып алу жұмысын қадағалау және толық жүргізу; Елді-мекендер аумағының санитарлық тазалығын; елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау; Қоғамдық көлік қозғалысы жұмысын ұйымдастыру; Коммуналдық меншіктегі объектілердің мәселелерімен айналысу; Қоғамдық тәртіп, қылмыс және құқық бұзушылықпен қарсы күрес шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау; Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс бойынша іс шаралар жоспарын жасау, іс шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау және жүргізу; Ауыл округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын шақыру және өткізу; Мерекелік іс-шараларды өткізуге ұсыныс беру, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жасау; Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.09.2020 – 09.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71139), 21-4-95