Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік жұмыстары бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Педагогика және психология
- Әлеуметтану
- Психология
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау.
ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан
әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды.
Аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерін, жеке
санаттағы азаматтарға материалдық көмегін жергілікті бюджеттен берілуін ұйымдастыру.
Аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, жалғыз басты
азаматтардың материалдық жағдайын зерттеуді ұйымдастыру және интернат үйге немесе
үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қарауына орналастыруды қамту.
Облыстық және аудандық кедейшілікті азайту жөніндігі бағдарламаны және
мүгедектерді оңалту жөніндегі бағдарламаны іске асыруды, істегі ережеге сәйкес жергілікті
бюджеттен және басқа да көздерден жеке санаттағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерді
беруді қамту.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын құру және іске асыру, соның ішіне жаңа
жұмыс орындарын ашу, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби
дайындау және қайта дайындау, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру кіреді және
қысқа, орта және ұзақ мерзімге бөлім жоспарларын құру және бекіту.
Әлеуметтік серіктестік жөнінде әлеуметтік және еңбек қатынастар аясында ұсыныстар
енгізу, жұмыстарын үйлестіру.
Кредиттік ресурстарының қайтарылуын бақылау. Кіші және орта бизнестің ірі қаржылық
тұрақты кәсіпорындармен жұмыс істеу үшін әкімшілік және нормативтік алғы шарттарды
құру.
Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті
мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау,
әкімшілік рәсімдерді сақтау; ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау.
Мемлекеттік органның негізгі қызметіне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қаралуына бақылауды жүзеге
асырады.
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама
талаптарын орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді
орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gu.kenzhegulova@bko.gov.kz
- 13.03.2026
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы Абай көшесі №23
-
87113921495