Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Құқық
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Қоршаған орта
  • Денсаулық сақтау
  • Әскери іс
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілерін, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды, аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілерін, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. ҚР Білім, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет, тіл туралы, дене шынықтыру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау туралы Заңдарының орындалуын бақылау. Ішкі саясатты үйлестіру және насихаттау, жастармен, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдармен, ҰОС және еңбек ардагерлерімен жұмыс жасау, ауданда тұратын халықтардың тарихи және мәдени дәстүрлерін дамыту, кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарды ұйымдастыру және бақылау. Аудандық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру. Ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері. Әлеуметтік серіктестік, демографиялық және гендерлік саясат, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері. Өзі жетекшілік ететін саласындағы ағымдағы шығындар бойынша берешектің болдырмауын қадағалау және бюджеттің игерілуін қамтамасыз ету. Аудандық әлеуметтік сала бөлімдерінің және мекемелерінің қызметін үйлестіру. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Аудан аумағындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының жұмысын қадағалау. Жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мәселелері бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Қарауындағы салалар бойынша мәселелердi шұғыл шешу үшiн құрылатын басқа да комиссиялар мен топтарға басшылық етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруды қамтамасыз ету мәселелері. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.         

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.09.2025 – 22.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

25.09.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30