Тасқала ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Көлік қызметтері
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
|
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара ісқимыл жасайды. Аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті, соның ішінде ғимаратқа келушілердің видео, фото, аудио құрылғылармен кіріп-шығуын үйлестіреді. «Электрондық үкімет» порталының ақпараттық жүйелерін енгізу және ауданның басқа да салалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін бақылайды (ауданның ақпараттандыруын дамыту, электрондық мемлекеттік қызметтер және басқа да қызметтерді ұсыну). Тасқала ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының жұмысын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне аттестаттаудан өткізу мақсатында ісшаралар өткізу үшін құжаттарды дайындау. Ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді орналастыру жұмыстарын үйлестіреді. Ғимаратты, серверлік бөлмені қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізеді . Халықтың сандық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және есеп береді. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына бақылау жасау. Ауданның жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде түсіндіру және насихаттау жұмысына қатысу.Баспасөз релиздерін, баспасөзконференцияларын, брифингтер және аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесулерін дайындау. Аудан әкімінің атынан алғыс хаттар жобасын дайындау. Бөлімге жүктілген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау. |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gu.kenzhegulova@bko.gov.kz
- 15.11.2024
- Западно-Казахстанская область Таскалинский район с. Таскала, ул. Абая, №23, 201-кабинет
87113921495