Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтер
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210000
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз ету; «Парус», «Ашық бюджет» бағдарламаларымен жұмыстану; Бөлінген қаржыны мақсатына сәйкес дұрыс және тиімді жұмсау және бақылау; Бухгалтерлік есептіліктің дұрыс және белгіленген уақытында тапсыру; Негізгі қаржы, түрлі мүлік, құнды заттар ақшалай қаражат түсімдерінің есебін жүргізу; Қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді белгіленген мерзімінде дұрыс есептеу және төлеу; Қызметтік автокөліктің жол-сапар қағазының толтыруын қамтамасыз ету, тіркеу және қадағалу; Мемлекеттік бюджетке аударылатын төлемдерді уақытылы төлеу; Жалақылар қоры шығындарының жұмсалуының дұрыстығын қадағалау; Штаттық, қаржылық және кассалық тәртібін қатаң сақтау; Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, әкімдікке ұсыну жұмыстарын жүргізу; Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жасалған қаржылық операцияларды көрсету, уақытында және дұрыс құжаттарды рәсімдеу; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу; ҚР заңнамаларына сәйкес мүлікті түгендеуге /инвентаризация/ бірдейлендіру жұмысын уақытылы жүргізу; Қаржы көздерінің тиімді шығындалуын үйлестіру және қаржы игеру жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізу; Коммуналдық меншікке қатысты мәселелермен айналысу; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау; Мүліктің (шаруашылық құрал-саймандардың) сақталуын қамтамасыз ету, толық материалдық жауап беру; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстану; Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 16.04.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397