Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды. ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс сұрақтары бойынша аудан аумағында жұмыстарды мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Ауданда құрылыс жұмыстарын, обьектілер мен комплекстарды орналастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, қалақұрылыс мақсатына жер учаскелерін беру жұмыстарын үйлестіреді. Аудан аумағында құрылыс игеру барысында проекттік құжаттардың және тағы да басқа сәулет құжаттардың заңдылығын, құрылыс жобаларының орындалуын, қалақұрылыс тәртібін бақылайды. Жобалық және құрылыс қызметтерінде көмек көрсету жұмыстарын үйлестіреді. Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау; ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды. Мемлекеттік органның негізгі қызметінесәйкес сәулет, қала құрылысы сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды. Мемлекеттік органның мақсатына сәйкесжүктелген жобаларды басқару, жобалық қызмет көрсетеді. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттыққауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 10.04.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397