Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-сараптамалық жұмысы бөлімінің бас инспекторы (АҚ және ТЖ жөніндегі)

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Көлік қызметтері
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыруға. Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала апатты тергеуге қатысуға. Халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етуге. Бекітілген бюджет нысаналарына сәйкем төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуге. Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға. Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларымен қамтамасыз етілуін бақылау. Жұмылдыру жарияланған кезде тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністер шегінде басқару органдары мен ұйымдардың соғыс жағдайы режиміне көшіру жөніндегі шаралар кешенін қамтамасыз етуге, жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға. Ауданның мүмкіншілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, бейбіт және соғыс кезінде қажет АҚ жоспарын жасауға, оны жыл сайын түзетіп, толықтырып отыруға. АҚ және ТЖ күштерімен комплексті, арнаулы-тактикалық және штабтық-командалық оқулар мен жаттығуларды  өткізіп отыруға. Бейбітшілік уақытында жұмылдыру дайындықтары бойынша жұмыстарын жүргізуге. Аудан әкімдігінің құзыретіне сәйкес ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қорғап, денсаулығына және азаматтардың мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне келтірген зиянды төлеттіріп және ТЖ зонасында өмір сүріп, жұмыс істегендері үшінмедициналық қызмет, төлемдер мен жеңілдіктер алуды ұйымдастырады. АҚ және ТЖ қызметтерінің басқару құрамын, құрылымдарын және халықты ТЖ жағдайларды қазіргі уақыттағы зақымдау құралдарының залалынан сақтандыру әдісіне үйретіп оқыту және дайындауды ұйымдастырады. Аудандық ТЖ комиссиясының, аудан әкімінің басқару пункітінің және эвакооргандардың авариялық құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарын ТЖ кезінде ұйымдастыру. АҚ және ТЖ байланысты комиссиялар жұмысын ұйымдастырады және хаттамаларын ресімдейді.  Ауданның жұмылдыру жоспарын дайындайды.

 Аудан әкімі орынбасарының(экономикалық дамыту сұрақтары бойынша) төрағалығымен өткен кеңестердің хаттамаларын жүргізеді және орындаушыларға жолдайды, олардың орындалуына бақылау жүргізеді, анықтамалар, хаттарға жауаптар дайындайды, олардың қорытындылары туралы басшылықты хабардар етеді. Ауданның жұмылдыру жоспарын дайындайды. Облыс әкімі аппаратына күнделікті, апталық, айлық жедел мәліметтерді жолдайды және оларды бақылайды. Бөлімнің жұмыс жоспарының  орындалуы бойынша жұмыс барысын  ұйымдастырады. Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын дайындау. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2024 – 28.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

01.03.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921397