Таскала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бас инспекторы-заңгер

Мемлекеттік орган

Тасқала ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Ұсынылған аудан әкімдігінің және әкім актілерінің акт жобаларының, келісімшарттардың ҚР Заңдарына сәйкестігін қарау. Аудан әкімі, аппарат басшылары қол қоятын құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу және заңдылығын қадағалау. Мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда әкім және аппарат басшысының, әкімдік қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мүдделерiн бiлдiру. Аудан әкімі қол қойған тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің уақытында тіркеуге ұсыну, қажеттілігіне орай оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жіберу. Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімін жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу. Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Алқабилер тізімін жасақтау. Бөлімге жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық- аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-қимыл алгоритмін жүзеге асыру. Құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері, ауданның терроризмге қарсы комиссиясының құрамына кіретін ұйымдар және мекемелер арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттармен өзара алмасуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ҚР Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Ауданның терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы Жұмыс тобының және терроризмге қарсы комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекітуге ұсыну. Әкімдік пен әкімнің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысады. Осы айтылған жобаларға бөлім басшысы болмаған уақытта белгі соғады, нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет органдарына тіркеуге жібереді. Бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмін жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.02.2024 – 08.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

12.02.2024

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

Анықтама алу үшін байланыс

87113921397