Тасқала ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Көлік қызметтері
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Аудан әкімі аппаратының қаржышаруашылығы, құжаттарды жүргізу жұмысын және уақытында оларды рәсімделуін ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының және құрылымдық бөлімшелердің іс-қағаздарды жүргізуін үйлестіру. Материалдық-техникалық құралардың, қаржы көздерінің тиімді шығындалуын бақылау. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар істер номенклатурасын жасақтауға басшылық етеді. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен іс жүргізеді (қабылдайды, тіркейді және жөнелтілуін қадағайлайды). Аудан әкімі мен мекеменің мөрлері және мөртабандарын сақтауды, жаңалауды, ескісін жоюды ұйымдастырады. Демалыс және мереке күндері аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттықаналитикалық материалдар мен құжаттарын дайындау. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын құруды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің отырысын әзірлеуді және хаттама жазуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің негізгі шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын тіркейді. Аудан әкімінің аппараты бойынша жалпы істер және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар номенклатурасын, бөлім индекстерін жасақтауға басшылық етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Парламенті мен Үкіметі кесімдерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және өз шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл құжаттармен басшылық және орындаушылардың уақтылы танысуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлім басшыларының азаматтардың ұсыныстары, өтініштері, шағымдарының уақтылы қарауын, аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады, осы бағыттағы жұмыс жағдайын сараптайды. Азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерінің бұзылу себептері мен сипаттарын жүйелі түрде сараптайды, басшылыққа шара алу үшін ақпарат береді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 12.02.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397