Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Ауылдық округ әкімінің құзыреті және қызметі бойынша берілген тапсырмаларды орындау; Ауылдық округ әкімі аппараты жұмысының қызметін ұйымдастыру, қадағалау, үйлестіру; Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау, уақытында жауап жолдау, уақытылы есебін тапсыру. Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің жазылуын жүргізу; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалармен наградталған аналар базасын үнемі жаңартуға және жалпы марапаттау мәселелерімен айналысу; Ауылдық округ әкімі қол қойған, тіркеуге жататын нормативтік-құқықтық актілерді уақытында тіркеуге ұсыну, мониторингін жүргізу және оларды ақпарат құралдарына жариялауға жіберу; Ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын рәсімдеу, әкімнің қабылдаған НҚА әділет органдарына тіркеуге ұсыну, баспасөз құралдарына ресми жариялау, тізілімін жүргізу; ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, тапсырмаларының орындалу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыс және құқықбұзушылықпен қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру, іс шараларын орындау, құқықтық оқытулар ұйымдастыру; қоғамдық тәртіп жұмыстарын ұйымдастру; Нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізу; Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау; Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу; Әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Бекітілген құжаттарды жүргізуге, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, комиссиялар жұмыстарын, тұрғындардың шағымдары мен хаттарын уақытылы талқылау; Қоғамдық тәртіп, қылмыс және құқық бұзушылықпен қарсы күрес шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау; Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, орындау; Округ бойынша жергілікті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуына ықпал ету; Істер номенклатурасын жасау, бекіту және оған өзгерістер енгізу, архивтік құжаттарды мұрағатқа тапсыру; Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау; Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау; Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстану; Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтау; Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 18.01.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397