Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар** белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайы. ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу сұрақтары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан аумағында аталған бағытта жұмыстарды ұйымдастырады. Газ жобасын іске асыру, отын және энергетикалық, жер қойнауын пайдалану, коммуникацияларды дамыту мәселелерін қарайды. Тұрғын-үй коммуналдық саласы, жолдарды салу және қайта жасақтау мәселелерін қарайды. Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау; ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды. Мемлекеттік органның негізгі қызметіне сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін бөлуді ұйымдастырады, коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді, авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты рәсімдейді және береді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жүргізеді.
Бөлімнің теңгерімінде тұрған коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаудан түсетін кірістер және жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің түсуін және коммуналдық арендалық тұрғын үйлердің жалға алу төлемін есептеуді бақылау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады.
Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және ауданның жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады, Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және ауданның жергiлiктi өкілді органына бекітуге ұсынады. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат береді
Аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету. Жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру, Ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру. Тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу. Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу.
Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обектілерінде қадағалау субьектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау. Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады. Көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресустарын есепке алу аспаптарының болуын жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 17.01.2024
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397