Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар** белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайы. ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу сұрақтары бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан аумағында аталған бағытта жұмыстарды ұйымдастырады. Газ жобасын іске асыру, отын және энергетикалық, жер қойнауын пайдалану, коммуникацияларды дамыту мәселелерін қарайды. Тұрғын-үй коммуналдық саласы, жолдарды салу және қайта жасақтау мәселелерін қарайды. Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау; ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды. Мемлекеттік органның негізгі қызметінесәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 22.11.2023
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397