Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 2024 жылдың 4 ақпанға дейін жүктілікке және босануға байланысты демалыс мерзіміне)
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210000
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Әскери іс
- Математика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Функционалды міндеттер
Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу, персоналды басқару стратегиясын іске асыру. Бөлімдердің, ауылдық округ әкім аппараттарының «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы іс жүргізуін үйлестіру. Конкурстық комиссияның және мемлекеттік қызметшілерді бағалау комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің еңбек өтілдерін анықталуын қамтамасыз ету. Барлық мемлекеттік қызметшілердің және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін және басқа да қажетті кадрлық құжаттарды жүргізу. Мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес сынақ мерзімінен өту, тәлімгерлік жұмысты, аңт қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдауды қамтамасыз ету, арнайы тексеріске материлдар дайындау. ҚР азаматтарын әскери есепке алу, Т-2 карточкаларын толтыру. Мемлекеттік наградаға, соның ішінде көп балалы аналарды марапаттау, мерекелік медальдарға ұсыну бойынша материалдарын дайындау, хаттамаларды рәсімдеу. Бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмін орындалуын қамтамасыз етуге жауапты. Кадр қызметіне қатысты есептің барлық түрлерін даярлау және уақытында тапсыру жұмыстарын жүргізу. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Бөлімге жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 16.11.2023
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921397