уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 2024 жылдың 3 наурызына дейін әлеуметтік демалыста болуына байланысты, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Тасқала ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Құрылыс процестерін технологиялық жағынан сүйемелдеуді қоса отырып құрылыс қызметтері туралы заңнамалардың мемлекеттік нормативтер мен бекітілген құрылыстың және басқа құжаттардың нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. Аудан аумақтарында құрылыс сапалығын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырады, сәулет-құрылыс жүйесінің жергілікті маңызы бар нысандардың бақылауын басқарады. Қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да қызметтер. Заңнамаларға және басқа нормативтік актілерге сәйкес өз құзырына қажетті мәселелер жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан құжаттарды сұратады және алады. Пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп уақтылы орындау, ТӨ-1 нысанды статистикалық есепті уақтылы тапсыруды ұйымдастырып, бақылайды. Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты және орындалуын қадағалап бақылауда ұстайды. Бөлімнің аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша есепті жасақтайды. Аудан әкімімен Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы арасындағы құрылыс саласындағы мақсаттық трансферттер туралы келісімін жасақтайды. Өз лауазымдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындайды, ұйымдастырады, болжайды және жоспарлайды. Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- 26.09.2023
- Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
87113921495