Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-бухгалтер
«Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Жылдық бюджет жобасын аудандық экономика және қаржы бөліміне ұсыну; Бөлінген қаржыны мақсатына сәйкес дұрыс және тиімді жұмсау және бақылау; Бухгалтерлік есептіліктің дұрыс және белгіленген уақытында тапсыру; Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу; Мүлікті дұрыс және уақытылы түгендеу /инвентаризация/, бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу; Қаржы игеру жұмыстарын жүргізу; Қызметкерлерге жалақы мен басқа да төлемдерді белгіленген мерзімінде дұрыс есептеу және төлеу; Қызметтік автокөліктің жол-сапар қағазының толтырылуын қамтамасыз ету, тіркеу және қадағалу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
be.mukashev@bko.gov.kz
- БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23
-
871139 21 4 95