Тасқала ауданында қос бөгет жөнделуде
Тасқала ауданына қарасты Ақтау және Атамекен ауылдарында ұзақ жыл қараусыз қалған ескі бөгеттер жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 56 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бөгеттерді қалпына келтіру аймақта құс шаруашылығы мен бау-бақша өсіруді қайта жандандыруға септігін тигізбек.