Алаяқтыққа қарсы шара
Құрметті азаматтар!!!
Өңірде алаяқтықтың түрлерінің көбейіп кетуіне байланысты алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас соларға тоқталғым келіп тұр.Біріншіден,көбінесе алаяқтар өздерін банктердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының
қызметкерлері ретінде таныстырады.
Олар Сіздерге шоттарыңызда күдікті транзакциялар жүріп жатыр деп сендіріп, белгісіз тұлғалармен атыңызға несие рәсімделіп жатқандығын айтып, ақша қаражаттарыңызды «арнайы шотқа» аудару қажеттігін айтып, телефоныңызға арнайы қосымшаларды орнатуды сұрайды. Сонымен бірге Сіздің банк картаңыздың нөмірін, соның ішінде SMS кодтар мен картаңыздың құпия сөздерін біліп алуға тырысады.
Мұның бәрі алаяқтар!!
Есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан Сіздің жеке деректеріңізді, соныңішінде құпия сөздер немесе SMS хабарламаларды сұрамайды.
Сонымен бірге, басқа да қосымшаларды орнатуды сұрамайды, ең бастысы«Wattsap»арқылы, шетелдік нөмірлерден қоңырау шалмайды.
Екіншіден,алаыяқтар Instagram және OLX парақшаларындаөте төмен бағаменсатылатын өнім үшін алдын ала төлемді жиі сұрайды.
Жарнамалар арқылы тауарларды сатып алу немесе сату кезінде
«Wattsap» қосымшаңызға «тауарды жеткізу» сілтемесін жіберіп банк картаңыздың ақша қаражаттарын жымқырады.
Алаяқтардың айлаларына берілмеңіз.
Құрметті азаматтар,әлі алмаған, тіпті көрмеген тауарлар үшін алдын ала жібермеңіздер. Тауарларды тек оң пікір жинаған сенімді сатушылардан сатып алыңыз.
Үшінші әдіс- алаяқтар азаматтардың аккаунттарын бұзып, олардың барлық жазылушыларына (подписчикам) қарыз сұрап хабарламалар
жібереді немесе Сіздің жақын туысыңыз, досыңыз немесе танысыңыз жол көлік оқиғасына түсіп қалғанын айтып, шұғыл ақша жіберуіңізді сұрайды.
Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз, ешқашан ақша жібермеңіз.
Қайта ол адамға қоңырау шалып, бұл хабарламаны нақты оның жібергеніне көз жеткізіңіз.
Төртіншіден,алаяқтар белгісіз сайттарға сілтемелер жібереді. Мұндай сілтемелерге өтпеңіз, мұның бәрі алаяқтар.
Бесіншіден,«су тасқынынан» және басқа да табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек жинау туралы хабарландырулар орналастырады.
Сізден қырағы болуыңызды және тек ресми дерек көздерге сеніп, ақшаға қатысты кез келген ақпаратты тексеріңіз.
Алтыншыдан,жүргізуші куәлігін сату, тағы бір қылмыс схема болып табылады.
Алаяқтар жүргізуші куәлігін емтихансыз немесе оқусыз алуды ұсынады, бұл үшін тек жеке деректеріңіз бен ақшаңызды жіберу қажет деп сендіреді.
Бұл жағдайда алаяқтар ақшаңызды ғана ұрлап қоймай, Сіздің жеке деректеріңізді өз мақсаттарына пайдалану үшін алып алады.
Әрине, жүргізуші куәлігін алудың емтихан тапсырудан басқа жолы жоқ.
Жетіншіден, «Көмектесушілер» жер телімдерін алып беруге,
пәтерлерді кезексіз алуға, Ресейден, Грузиядан және басқа елдерден алып келген автокөліктерді заңдастыруға ешқашан көмектеспейді.
Мұндай адамдарға ешқашан көмекке жүгінбеңіз.
Есіңізде болсын, бұл қызмет түрлерін тек мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Сегізіншіден,алаяқтар сонымен бірге Сіздің атыңызға несие рәсімдеп, оны төлемейтіндігіңізді сендіріп және барлық төлемді өз мойындарына алатындарын айтады.
Шындығында, ақша қаражатын алғаннан кейін 2-3 айдан соң мұндай адамдар жасырыныпкетеді және бұл несиелерді өзіңіз өтеуге тура келеді.
Алаяқтар бұл ақшаны екі есе көбейтуді ұсынса да ешқашан өз атыңызға басқалардың қажеттіліктері үшін несие рәсімдемеңіз.
Есіңізде болсын, ешқашан ештеңе тегін болмайды.
Егер Сіз соның өзінде алаяқтардың құрбаны болсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалып болған оқиға туралы хабарлаңыз.