Ауыл тазалығы - халық айнасы

Жарияланған күні: 15 сәуір 2022

Облыс аумағында 9 сәуірден бастап қала тазалығын қамтамасыз етуді мақсат еткен екі айлық акция басталған болатын. Аталған акция ауыл-аймақтарды да қамтымақ. Туған өлкенің таза қалыпта болуына үлес қосуға ынталылар қатары қалың. Тасқалада таңмен таласа тұрған тұрғындар құрал-саймандарын сайлап, алғашқы сенбілікті ұйымшылдықпен өткерді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо