ТАСҚАЛАДАҒЫ ТОЙ

Жарияланған күні: 09 қараша 2021

ІІ Шежін ауылы республика бойынша үздік ауыл атанды. Республикалық рейтинг қорытындысында елдегі мыңдаған ауылдың ішінен топ жарып, «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомына енді. Осыған орай, атымтай жомарт азаматтар ауылдық округте ат шаптырып, ұлан-асыр той жасады. Ұйымдастырушылар бұл арқылы өскелең ұрпаққа қазақы дәстүр мен ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарды қайта дәріптеуді мақсат тұтқан.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо