Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Құрметті Тасқала ауданының тұрғындары, қонақтары, тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері!

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылдың 25 қыркүйек күні 9.00-ден 12.00-ге дейін Тасқала ауылының Жастар стадионында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетіндігі туралы хабарлаймыз.
Жәрмеңкеге жергілікті, аудандық және басқа аудандардан ауылшаруашылық және тауар өндірушілер, сондай-ақ фермерлер мен азаматтар, жеке қосалқы шаруашылықтарын жүргізетін азаматтар қатыса алады.
Жәрмеңкеде келесі өнімдер ұсынылады:
- Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер және т.б.).

Қосымша ақпарат алу үшін Таскала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 21-2-97 байланыс телефонына хабарласуға болады.

Оқиға күні

25 қыркүйек 2021

Оқиға түрі

Басқа