Құрметті Тасқала ауданының тұрғындары, қонақтары, тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері!


Көктем жәрмеңкесі шақырады! Құрметті ауылдастар, алдағы сенбі күні (29.04.2023) Тасқала ауылы Жастар стадионында кең көлемде көктем жәрмеңкесі өтеді. Басталуы сағат 09:30. Жәрмеңке барысында келесі өнім тұрлері ұсынылады:
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерінің (ет, балық және сүт өнімдері) қолжетімді бағада жәрмеңкесі;
- Жеміс ағаштары көшеттерінінің сатылымы;
- Жеміс ағаштарын дұрыс егу бойынша шеберлік сағаты; (Шеберлік сағатын жүргізетін жерлесіміз, белгілі бағбан С.И.Исаев атындағы халықаралық тәжірибелік бақ-бақша негізін қалаушы Қайрат Каримов.
- Әр түрлі гүл көшеттерінің сатылымы;
- Көктемгі көкөністер жәрмеңкесі;
- Әр түрлі құс балапандырының сатылымы;
- Қолөнер шеберлерінің көрпе-жастық және өзге де тұрмыстық бұйымдары сатылымы;
- Аяқ киім шеберінің көктемге және жазға арналған жаңа топтамасының таныстырылымы;
- Балаларға арналған тәттілер сатылымы;
- Ыссы бауырсақ пен дәмді кәуап ұсынбасы.
Оқиға күні
29 сәуір 2023
Өткізу орны
"Жастар" стадионы
Оқиға түрі
Басқа