2 ҚАЗАНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ


Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 2 қазанында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін облыста «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтеді.
«Ашық әкімдік» барысында облыс және қала басшылығы, облыстық басқарма басшылары азаматтарды қабылдайды.
Тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел және тиімді шешуге ықпал ететін іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде ұйымдастырылады.
Қабылдауға кіру үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет
https://us02web.zoom.us/j/81008264307...
Конференция идентификаторы 810 0826 4307
Кіру коды 491236
Оқиға күні
02 қазан 2021
Оқиға түрі
Басқа