Аудан бойынша жолдың жалпы ұзындығы – 414 км (55 км – темір жол, 402 км – автомобиль жолдары) құрайды. Жергілікті маңызы бар жолдар - 202 км болса, облыстық маңызы бар жолдар – 107 км, ал республикалық маңызы бар жолдар – 50 км.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында:
2019 жылы: 126,337 мың теңге қаражат бөлініп, аудандық маңызы бар Шежін ауылына кіреберіс (2км) автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер – «Ануш Құрылыс» ЖШС.
2020 жылы Республикалық бюджеттен 105 864 000 теңге қаражат бөлініп, аудан орталығы Тасқала ауылының Абай, Жақсығұлов, Маметова, Шамов, Скоробогатов және Сапаров көшелері бойында орналасқан көше шамдарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер «ЭнергоРемСервис» ЖШС анықталып, бүгінгі күнде барлық көшелер бойынша жұмыстар аяқталды. Техникалық қадағалаушы «Құрылысконсалтинг» Ұлттық орталығы» Акционерлық қоғамы. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында 20 км-ге жуық электр сымы, 276 дана темір-бетонды бағаналар, 233 дана светодиодты шамдар және 4 дана кешенді трансформаторлар станциясы ауыстырылды. Көше шамдарын орнату түнгі мезгілде жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қауіпсіз қозғалысына және аудан орталығы Тасқала ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі әсер ететіндігі анық. Жарықтандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатында аудан орталығы Тасқала ауылының Маметова көшесінің бір бөлігі, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Шевченко, Кенжин, Панфилов көшелерінің жарықтандырылуын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында:
2020 жылы: Аудан орталығы Тасқала ауылының жалпы ұзындығы 20 км-ге жуық 28 көшесі мен 3 шағынауданның автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келісімшарт жасалған жалпы сома 1 653 606 985 теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен 1 482 984 985 теңге, облыстық бюджеттен 170 622 000 теңге.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында:
Республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» жолына қайта құру жұмыстары жүргізілген болатын. Жөндеу жұмыстары 2015-18 жж. аралығында жүргізілді. Бас мердігер «Uniserv» ЖШС, қаражат көлемі 26 млрд.132 млн тг.
2019 жылы жалпы 5 494 млн.теңгеге облыстық маңызы бар 96 км «Тасқала-Аққурай» автомобиль жолына жөндеу жұмыстары басталып, көшпелі тәсілмен 2020 жылы аяқталды.
2020 жылы Облыстық және республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, Мерей ауылына кіреберіс 0-13 км автожолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер «Асфа» ЖШС келісімшарт сомасы 487 676 986 теңге 72 тиын;
Қорытынды: Жалпы 1991-2021 жылдар аралығында Тасқала ауданы аумағы бойынша 208 км-ге жуық автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша 28 елді мекеннің 17-сі, 17016 халықтың 16173-і табиғи газбен қамтылып отыр, яғни 95 % құрайды.
Аудан бойынша орталықтандырылған ауыз су желілері Тасқала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК-нің теңгеріміне бекітілген. Жалпы ұзындығы 255 км құрайды. Тасқала ауданы бойынша 28 елді мекеннің 16-сы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған.
Тасқала ауданы бойынша электр желісінің ұзындығы – 578,7 км, ауылішілік электр желісінің ұзындығы (ЛЭП) – 322,2 км, тозуы 93 пайыз. Аудан бойынша КТП саны 130, тозуы 93 пайыз.