Меню

Страницы

Статья

Мәдениет және спорт

Мәдениет және спорт саласы

 

Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде халыққа мәдени қызмет көрсететін және спорт фунукцияларын орындайтын  4 мекеме бар.

Олар:

  • «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы»  мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны;
  • «Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Тасқала ауданының спорт клубы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны;
  • "Тасқала аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 37 мәдени мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде 12 мәдениет мекемесі, 23 кітапхана және 1 спорт клубы.
//Оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйі, 2 ауылдық клубы, 1 автоклуб /ауылдық жерде/. Оның 5-і типтік үлгіде, 6 – бейімделген орында орналасқан. 1 ауылдық клуб орталықтандырылылған кітапханалар жүйесінің
ғимаратында орналасқан, соның ішінде: 1 аудандық, 1 аудандық балалар кітапханасы, 5 ауылдық балалар кітапханасы, 16 ауылдық кітапханалар бар.

Есептік кезеңде ашылған-жабылған мәдениет нысандар жоқ.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығаюы:
2022 жылы - 5 936 365 теңге
2023 жылы - 1 588 582 теңге.
2024 жылы – 451 000 теңге
Оның ішінде: 3 дана компьтер-451 000 теңге

Аудандық мәдениет үйінде еркін форматта алғашқы рет «Шарбақ» жаңа
музыкалық жобасы өтті. Достық ауылдық мәдениет үйінде Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының қолдауымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Алыс ауған әуендері» аудандық әскери-патриоттық ән байқауы
өтті. Аудандық мәдени - демалыс орталығында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай арналған салтанатты жиын оздырылды. Жиында Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, салтанатты шара аудан
көркемөнерпаздарының “Отты жылдар” театрландырылған концертімен жалғасын тапты.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әлем сұлу әйелмен» атты мерекелік концерт өткізілді.
Көрісу айт және Амал мерекесіне орай І-ші аудандық «Әкеден қалған өсиет...» ата – әке – ұлдар арасындағы ұлттық байқауы аудандық мәдениет үйінде 14 наурыз күні өткізілді.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Төрле, Әз Наурыз»
театрландырылған концерті аудан тұрғындарына ұсынылды.
Аудандық “Балдәурен” балалар шығармашылығы фестивалі
қорытындыланды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жас өнерпаздар гала концертте өз бақтарын сынады.
Тасқала аудандық мәдени - демалыс орталығының ұйымдастыруымен
“Балөнер театр - 2024” аудандық балалар және жасөспірімдер драма үйірмелерінің байқауы өтті.
Амангелді ауылының 55 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланды. Іс - шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік бағдарламасы мен дала қызықтарына ұласты.

Ұлы Жеңістің 79 - жылдығына орай “Азалы ана” ескерткіші алаңында соғыс ардагерлерін және тыл ардагерлерін ұлықтау шарасы өтті. Аудан
көркемөнерпаздарының шағын мерекелік бағдарламасы ұсынылып, шара соңы гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.
Мамыр айының 14 күні облыстық халық шығармашылығының
ұйымдастыруымен Орал қаласында облыстық «Балдәурен» балалар
шығармашылық фестивалі өткізілді. Тасқала ауданының намысын қорғаған жас өнерпаздар - "Эстрадалық вокал" / вокалды топтар / жанры бойынша «Айналайын» вокалды тобы жүлделі II орын, "Сән салоны" аталымында Бугенбай Жұлдыз III орын иеленсе, "Халықтық музыка /домбыра/ жанрында Жанерке Қалихан дипломант
атанды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған облыстық «Ауғанның от-жалыны» әскери - патриоттық әндер байқауында халықтық

«Тасқала» вокалды - аспапты ансамблі жүлделі I орынға ие болды.
Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің “Рухани қазына - 2024” республикалық фестивалінің облыстық кезеңінде Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы жеңімпаз атанып, республикалаға жолдама алды. Ағымдағы жылдың шілде айында Халықтық «Шежіре» этнофольклорлық ансамблінің концерті, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, К.Бәйсеитова атындағы Республикалық әншілер байқауының лауреаты Жұмағаным Рахимованың 70 жасқа толуына орай шығармашылық ән кеші, Халықтық «Жасдәурен» фольклорлық ансамблінің 35 жылдығына орай есептік концерті, тамыз айында «Ақ бата» Облыстық бата беру сайысы, Халықтық театрдың жаңа
қойылымы - Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясы, қыркүйек айында «Өнерлі отбасы» аудандық байқауы, қазан айында «Ән-көңілдің ажары» қайырымдылық айлығы аясындағы жылжымалы концерт, қараша айында аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық, үлгілі және өнер ұжымдарының шығармашылық есебін өткізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың шілде – тамыз айларында аудан тұрғындарының назарына Тасқала аудандық мәдени - демалыс орталығының ұйымдастыруымен аудан және ауыл көркемөнерпаздарының «ӨнерFEST» фестивалі ұсынылады. Тасқала аудандық ОКЖ –сі бойынша Тасқала аудандық ОКЖ –сі бойынша 2024 жылы оқырмандар саны 11021 құраса, келім саны 112215. Оқырмандарға 199513 дана кітап берді.
2024 жылы кітап қоры 288462 дана болса, оның қазақ тіліндегі саны 173211 дана. Жаңа түскен әдебиеттердің саны 3203 дана, соның ішінде 2782 қазақ тіліндегі әдебиеттер. Жаңа әдебиеттердің құны 13794411,23 м.т.. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 644 көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 9161 оқырман қамтылды.
Кітап – сарқылмас рухани қазына екенін, білімнің тек қана кітап арқылы берілетінін ұғындыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Тасқала ауданының құрметті азаматы, Кеңес одағының батыры Садық Шәкелұлы Жақсығұловтың туылғанына 100 жыл толуына орай батырдың өмірі мен ерлігін насихаттау мақсатында барлық кітапханаларда «Ерлік ұрпаққа ұран» тақырыбында тұрақты кітап көрмелері
жасақталып, оқырмандарға насихатталды.

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Аудандық кітапханада «Ауған соғысы: Отқа оранған он жыл» атты тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.
Амангелді ауылдық кітапханасында Амангелді ауылының іргетасы
қаланғанына 55 жыл толуына орай "Қасиет қонған туған жер" өлкетану сағаты, Тасқала аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай аудандық мектептер арасында «Ғылым – көкжиегіндегі дара тұлға» атты брейн – ринг интелектуалдық сайысы өткізілді.

Тасқала аудандық балалар кітапханасында Ресей Федерациясының Саратов облысы Озинки ауданының кентаралық муниципалды ОКЖ кітапханаларымен «Халықтар достығы - бірлік пен береке көзі» атты онлайн этнографиялық сағаты өтті.
2024 жылдың 4 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай Тасқала аудандық
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жеңістің рухыбиік, даңқы -мәңгі» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы, 15 мамыр күні - Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде отбасылық оқуларын қолдау және жаңғырту мақсатында
«Оқырман отбасы- 2024» атты аудандық онлайн байқауы өткізілді.
1 - маусым жастар стадионында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тасқала аудандық балалар кітапханасы «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты open air шарасын ұйымдастырды.
Тілдерді дамыту саласы Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту бағдарламасы бойынша 2024 жылы келесі шаралар өткізілді:

1.Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат, тауарлық жапсырмалар және т.б. мәтіндерінің сауатты жазылуын бақылау негізінде шағын және орта бизнес өкілдері және жарнама агенттіктерімен тиісті жұмыстар жүргізу үшін тегін консультациялық көмек көрсететін жедел желі (Call-center) жұмысын ұйымдастыру;

 2.«Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылығы!» атты көрнекі
ақпаратты рәсімдеу мәселесіне мониторинг жүргізу. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы нормаларына сәйкес көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету;

3. «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты аудандық байқауы;

4. «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты аудандық байқауы;

5. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» аудандық байқауы.

6.«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауданымыздың қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімдрі арасында аудандық апталық.

7. «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылығы!» атты көрнекі
ақпаратты рәсімдеу мәселесіне мониторинг жүргізу. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы нормаларына сәйкес көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша «Облыстық «Қазақ тілі»
қоғамы қоғамдық бірлестігімен бірлесн тілдік құзіреттілік бойынша аудандық семинар ұйымдастырылды.

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы